Қайғы туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Қайғы" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Қайғы" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Қайғы" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Қайғы" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 46
Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 212
Нақыл сөздер: 53
Туындылар: 2
Әңгімелер: 5
Поэмалар: 1
Эсселер: 1

Күлімсіреп аспан тұр
Күлімсіреп аспан тұр,Жерге ойлантып әр нені.Бір себепсіз қайғы құрБаса ма екен пендені?Қапамын мен, қапамын,Қуаныш жоқ көңілде.Қайғырамын..
©  Абай Құнанбаев
Қайғы шығар ілімнен
Қайғы шығар ілімнен,Ыза шығар білімнен.Қайғы мен ыза қысқан соң,Зар шығады тілімнен.Қайтіп қызық көремінӘуре-сарсаң күнімнен?Қайрылып қарап..
©  Абай Құнанбаев
Жақсылық ұзақ тұрмайды
Жақсылық ұзақ тұрмайды,Жамандық әр кез тозбайды.Үміттің аты елеріп,Қос тізгінді созбайды.Қанша тепкі салсаң да,Уайымнан озбайды.Бір қайғыны..
©  Абай Құнанбаев
Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абайдың айтқан жұбатуы
Жылағанды тоқтатып,Ынсап қылсақ жарайды.Қоймасаң, қайғы ауыр боп,Тұл бойыңа тарайды.Қызыл гүлің суалып,Ақ көңілің анық қарайды.Һәммә жанды..
©  Абай Құнанбаев
Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып берген жоқтау
Айналайын, Құдай-ау,Қапалық салдың жасымнан.Шешенің зарын тарттырдыңБес жасымда басымнан.Сөйлемей пенде шыдамасҚайғы отына ашынған.Жарымды көрмей..
©  Абай Құнанбаев
Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы (М. Ю. Лермонтовтан)
Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы,Салқын, қуыс - өмірі я қараңғы.Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды.Жасынан білер..
©  Абай Құнанбаев
Ғашықтық іздеп тантыма
Ғашықтық іздеп тантымаАз күн әуре несі іс?Өзіңнің қара артыңа,Өткен өмір бейне түс.Өлгенше болар бар ма дос?Қуаныш, қайғы бәрі бос. 
©  Абай Құнанбаев
Менің сырым, жігіттер, емес оңай
(М. Ю. Лермонтовтан)
Менің сырым, жігіттер, емес оңай,Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай!Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,Қазысы оның — арым мен..
©  Абай Құнанбаев
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,Ашуың – ашыған у, ойың – кермек.Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық,Кім көңілді көтеріп, болады..
©  Абай Құнанбаев
Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен,Менмен, кердең, қайғысыз ер көңілмен,Жазғытүрым жасырып жердің бетін,Жасыл шөппен, бой жеткен егінмен тең.Сонан..
©  Абай Құнанбаев
Мен сәлем жазамын
Мен сәлем жазамын,Қарағым қалқама.Қайғыңнан азамын,Барушы айта ма?Күн бойы күтемінКелер деп хабарың.Қайғырмай не етемін,Бізде жоқ назарың.Көңілге..
©  Абай Құнанбаев
Жырла да, зарла, көңілім, қалың қайғың қайнасын. Қиялдың құсы егіліп, іштегі дертті айдасын. 
©  Бернияз Күлеев
Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.
©  Абай Құнанбаев
Қайғысыздың бәрі асау.
©  Абай Құнанбаев
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
©  Абай Құнанбаев
Қайғыны жалғыз көтеруге болады, бірақ бақытқа екеу керек.
©  Элберт Хаббард
Махаббат-бұл қуаныш, ол күн сәулесі сияқты, барлық қайғы-қасірет, сәтсіздік пен қамқорлық арқылы өмір сүреді.
©  Эрнст Тельман
Бір адамды бақытты етіп, жүзіне - мұң көлеңкесін, жанына - қайғы ізін түсірмеу әркімнің қолынан келеді.
©  Сағатхан Әшімбаев
...Ләйліге ұқсап көп арулар бізді ұқпас,
Мәжнүн ғана қайғы-шерге қамалар.
©  Әбул-Хасан Рудаки
Егер алдыңызда тұрған мәселе шешілетін болса, сары уайымға салынудың қажеті жоқ. Егер шешілмейтін мәселе болса, ол үшін қайғырудың мән-мағынасы жоқ.
©  Далай-Лама
Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер - қайғы-зар.
©  Сырым Датұлы
Ашу қысса ақырасың,
Қайғы басса, аһ ұрасың,
Қорықсаң бас ұрасың,
Қуансаң шарқ ұрасың,
Ендi неңдi жасырасың?!
©  Мағжан Жұмабаев
Қайғыны жалғыз көтеруге болады, бірақ бақытқа екеу керек.
©  Элберт Грин Хаббард
Қайғы-қасiреттi бастан өткiзiп үйренген адам бақытсыз бола алмайды.
©  Лев Толстой
Үш нәрсеге: адамға деген сүйiспеншiлiкке — қайғысыз; бiлiмге — адасусыз; батылдыққа — қорқынышсыз қол жеткiзе алмайсың.
©  Конфуций