Ат туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 183
Жұмбақтар: 24
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 109
Жаңылтпаштар: 7
Нақыл сөздер: 19
Туындылар: 2
Әңгімелер: 29
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 3
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 20
Эсселер: 1

Ат пен есек
Біреудің есегі мен бар еді Аты,апарар бір қалаға болды заты.Аты мен есегіне артып алып,Аяңдап жолға түсіп келе жатты.
Жүк ауыр, есек сасып..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Ат
Сен неге, тұлпар атым, кісінейсің?Жабығып неден көңілің, түсті еңсең?Ерігіп, ауыздығың қарш-қарш шайнап,Бұ қалай,бұрынғыдай сілкінбейсің?Әлде мен..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Мінген атың айтамын
Ай, айтамын, айтамын,Мінген атың айтамын.Құлында емген, тайда емген,Құнанында арда емген,Дөненінде үйреткен,Жібектен арқан сүйреткен,Бестісінде белі..
©  Бұқар жырау
Ат қасқасы ай болмас 
©  Махмұд Қашқари
Піскен мен шикі
Бай мен жарлы баласы аңға шықты,Жалаң қағып жарап тұр аты мықты.Жортып жүрген түлкіні көрді-дағы,Қуып барып еріксіз інге тықты.
Екеуі келді шауып..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ер қоспақпен сөз сөйлемек
Ер қосқанға ұқсайды сөз сөйлемек,Қисындырып, жымпитып қойсам демек.Атқа тыныш, адамға жайлы келіп,Көзге сұлу, өзі өңлі болса керек.
«Ол..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Маған аттар да, кемелер де керек емес. Оларға менің уақытым жоқ. Маған шеберхана керек! 
©  Томас Эдисон
Қобыландының Тайбурылы туралы
Батырлар жырының тағы бір үлкені — Қара қыпшақ Қобыланды батыр жайындағы жыр. Сол жырдың ішінде сипатталған Тайбурыл деген аттың жайын ғана..
©  Мұхтар Әуезов
Іздеп
Тікшелеу жасыл беткейдің орта тұсына келе бере Несіпбай аттан түсті. Айналаға көз салған жоқ. Әлдеқандай ой басқан күңгірт жүзі бүгін бірде-бір рет..
©  Мұхтар Әуезов
Рахымшалға
Сұлу аттың көркі жал,Азаматтың көркі мал.Өмір сүреген кісігеДәулет қызық, бала бал.Бал болатын бала бар,Бал болар ма Рахымшал?!Бүйтіп берген..
©  Абай Құнанбаев
Асау үйрету
Көтеріп атқа қондырдың,Ат емес –Алау.Бүлік бір.«Сабау деп қалма,Бұл – ер» деп,Қарадың сосын күліп бір.Жас тұлпар басын тұқыртып,Жер тарпып тұрды..
©  Олжас Сүлейменов
Ат — биеден, алып — анадан.
©  Жанақ Сағындықұлы
Аттың сыны: ескек желіс, емен бел.
©  Жанақ Сағындықұлы
Мәулім-мәулім бастан,
Орта мәулім төстен,
Құлама ет құйрық ұстайды,
Ең жаманы бақай ұстайды.

Жауабы: Аттың жүгені, айылы, құйысқаны және тұсауы
Отырған жері ой-шұңқыр,
Басқан жері бай-шұңқыр.
Алдымда қылқан,
Артымда қылқан.

Жауабы: Ер, үзеңгі, аттың жалы, құйрығы
Арқасы бар, аунамайды,
Аузы бар, күйсемейді.

Жауабы: Сиыр мен ат
Шиге қамшы байладым.

Жауабы: Белбеуге байланған ат
Алты аяқты,
Екі қарынды,
Екі басты,
Екі қолды,
Төрт көз, төрт құлақты,
Екі мойын, бір құйрықты.

Жауабы: Ат мінген адам
Алдымда бар нар қамыс,
Артымда бар нар қамыс.
Отырған жерім ой темір,
Басқан жерім бай темір,
Он қолымда-тең қайыс.

Жауабы: Ат, үзеңгі, қамшы..
Тау астында төрт бала,
Кезек-кезек ойнаған.
Төрт баланың қолына
Төрт айды әкеп байлаған.

Жауабы: Аттың төрт аяғы, төрт тұяғы
Қоян жақты, тақыр жонды,
Төрт тұяқ, екі аяқты, екі қолды.
Салпы ерін, өзі жүйрік,
Кең омырау, жуан құйрық.

Жауабы: Ат
Төрт түп тұт мәуітімен кесіледі,
Үстіне мінген адам есіреді.
Құрдасым, тапқын мұны ойлы көзбен,
Ойласаң тереңірек шешіледі.

Жауабы: Ат
Отырдым мұнан барып оймауылға,
Ілінді екі аяғым байлаулыға.
Қолыма екі қайыс ұстап алып,
Жүргіздім қайда барсам айдауыма.

Жауабы: Мінген ат
Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді.

Жауабы: Аттың екі құлағы мен төрт аяғы
Ана таумен мына тау соғысып келеді.

Жауабы: Аттың төрт тұяғы