Ағайын туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Ағайын" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ағайын" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ағайын" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ағайын" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 107
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 111
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 24
Құттықтау, тілектер: 7
Баталар: 5
Туындылар: 1
Әңгімелер: 10
Ертегілер: 3
Аңыздар: 1
Туысы жақын жақын емес,
Қонысы жақын — жақын.
Қонысы жақын — жақын.
Ағайыныңды іске шақырма
Асқа шақыр.
Асқа шақыр.
Жақыныңды жат етсең
Жатқа күлкі боласың.
Жатқа күлкі боласың.
Бір ауылда мың туысың болғанша,
Әр ауылда бір туысың болсын.
Әр ауылда бір туысың болсын.
Алтыда тісім түсті,
Алпыста ағайынға ісім түсті.
Алпыста ағайынға ісім түсті.
Өткелім саяз деме,
Таяғыңды салып бойлат.
Ісім мақұл деме
Ағайынға салып, ойлат.
Таяғыңды салып бойлат.
Ісім мақұл деме
Ағайынға салып, ойлат.
Ақылы елден артылған,
Ақылық болса, бір мақтан.
Жұрттығы жұрттан артылған
Жақының болса, бір мақтан.
Ақылық болса, бір мақтан.
Жұрттығы жұрттан артылған
Жақының болса, бір мақтан.
Жаныңды қинасаң,
Ерлік оңай.
Жақыныңа бұрмасаң,
Билік оңай.
Ерлік оңай.
Жақыныңа бұрмасаң,
Билік оңай.
Бетің қисық болса,
Айнаға өкпелеме!
Ниетің қисық болса,
Ағайынға өкпелеме.
Айнаға өкпелеме!
Ниетің қисық болса,
Ағайынға өкпелеме.
Үш ағайынды жігіттің
Отарда малы бар.
Екі ағайынды жігіттің
Кере қарыс жалы бар.
Жалғыз басты жігіттің
Шығар-шықпас жаны бар.
Отарда малы бар.
Екі ағайынды жігіттің
Кере қарыс жалы бар.
Жалғыз басты жігіттің
Шығар-шықпас жаны бар.
Ағайыныңман алыстан сыйлас.
Ағайынға кәдірім жоқ,
Бетімді көреді,
Әйеліме кәдірім жоқ,
Етімді көреді.
Бетімді көреді,
Әйеліме кәдірім жоқ,
Етімді көреді.
Ағайын барыңда
Аузыңды жалайды,
Жоғыңда желкеңнен қарайды.
Аузыңды жалайды,
Жоғыңда желкеңнен қарайды.
«Арық» деген жаман тай,
Жазға ілінсе — ат болар.
Бастан бақ, қолдан мал кетсе,
Жаман жұрат жат болар.
Жазға ілінсе — ат болар.
Бастан бақ, қолдан мал кетсе,
Жаман жұрат жат болар.
Адассаң, руыңмен адас.
Жақында да, жақын бар,
Жақынға бергісіз жатың бар.
Жақынға бергісіз жатың бар.
Қазанына қарай шөміші,
Ағашына қарай жемісі.
Ағашына қарай жемісі.
Бірге тумақ бар да,
Бірге өлмек жоқ.
Бірге өлмек жоқ.
Бір көрген — біліс,
Екі көрген — таныс.
Екі көрген — таныс.
Қойыннан төгілген— қонышқа.
Ағайынның аразы болса да,
Азары болмайды.
Азары болмайды.
Бедері жоқ қамқадан,
Бек тоқыған бөз жақсы,
Бейкемі жоқ туғаннан
Бек сөйлескен сөз жақсы.
Бек тоқыған бөз жақсы,
Бейкемі жоқ туғаннан
Бек сөйлескен сөз жақсы.
Әділ айтсаң,
Ағайынға жақпайсың,
Әзіл айтсаң,
Маңайыңа жақпайсың.
Ағайынға жақпайсың,
Әзіл айтсаң,
Маңайыңа жақпайсың.
Ағайын бір өліде,
Бір тіріде керек.
Бір тіріде керек.
Сыйласайық,
Сырласайық, сыбайлас!
Сыйлы көңіл,
Сыршыл көңіл мұңаймас.
Сырласайық, сыбайлас!
Сыйлы көңіл,
Сыршыл көңіл мұңаймас.