Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Шындықты айтқан кезде ізетті көріне қоймайсың.
©  Роберт Вальзер
Кез келген шуда шу шығарушы үшін қолайлы бірдеңе болады: шулап жүрген кезі өзіне ерлік көрінетін сияқты.
©  Роберт Вальзер
Нағыз мықтылар өз күштерін сыртқа шығару арқылы мақтанады.
©  Роберт Вальзер
Сыртқы бет-бейнеме неғұрлым көбірек көңіл бөлінген сайын, ішкі қайрат-жігерім солғұрлым көп мүжіле түсті. 
©  Роберт Вальзер
Шыдамсыздарға қарағанда төзімділер қайраттырақ болуы  мүмкін: өйткені, алдыңғылар тек əлдебір қорқыныштың аузын жабуға ұмтылатын тəрізді. 
©  Роберт Вальзер
Уайым-қайғысыздық – жасартады, іспен айналысу – көркейтеді.
©  Роберт Вальзер
ӨТКЕНДІ АҢСАҒАННАН ГӨРІ – ЕРТЕҢГЕ КӨЗ ЖІБЕРГЕН ЖАҚСЫ 
©  Роберт Вальзер
Бір жүгірсең тоқтамаТоқтасаң жүгінуге əрекет ет.
Əлдебір міндет атқарушы адам – əуел бастан-ақ жалыққан адам.
©  Жан Бодрийар
Жайлы орындықтың жалғыз мұңы – ешқашан жападан жалғыз қалып қоймау, сол сияқты ешкіммен бетпе-бет те келіп қалмау.
©  Жан Бодрийар
Тұтынудың шегіне шыға алмайсың.
©  Жан Бодрийар
Туристік сапар қашан да жоғалған уақытты іздеумен өтеді.
©  Жан Бодрийар
Заттың əлсіздігі мен ажалы емес, соларға көзсіз елту – қасірет.
©  Жан Бодрийар
Оған қажет болмай қалған нəрсе – бізге қажет болуы мүмкін.
©  Жан Бодрийар
Зат нақты тəжірибелік қолданыстан шыққан сəтте-ақ мінезқұлық тəжірибесі саласына өтеді.
©  Жан Бодрийар
Шыны – сиқырланған қатқан сұйық.
©  Жан Бодрийар
Толық жетілген қалып адамға өз құдірет-күшін сырттан бақылаушы рөлін ғана қалдырады.
©  Жан Бодрийар
Несие жүйесі адамның өзінің алдындағы шыдамсыздығын шегіне жеткізе алады.
©  Жан Бодрийар
Коллекционер міндетті түрде «тамаша статуэтка» екен демейді, «тамаша зат» екен дейді.
©  Жан Бодрийар
Тұтынудың жойылмайтын себебі мынада жатса керек: ол əлдебір жетіспеушіліктерге негізделеді ғой.
©  Жан Бодрийар
Адам кеңістікті бағындыру арқылы өзінің нарцистік болмысының кескіндемесін жасайды.
©  Жан Бодрийар
Адамдарды жеңген кеңістіктен гөрі жеңілген кеңістік көбірекбөліп тұрады.
©  Жан Бодрийар
Қозғалыс – қажеттілік, жылдамдық – лəззат.
©  Жан Бодрийар
Жеке адамды бүкіл қоғамға қарсы қоятын өзіңмен-өзің болу еркіндігі – өте қатерлі еркіндік.
©  Жан Бодрийар
Тауардың жақсылығына көзім жетіп тұрмаса да, оны жан сала дəріптеген жарнаманың сəттілігіне сенемін.
©  Жан Бодрийар