Зат туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 8
Жұмбақтар: 3
Өлеңдер: 10
Нақыл сөздер: 27
Әңгімелер: 2

Зат туралы ойлау деген – оның басқалардың бəрін ұқсамайтын қасиеттерін айыра білу деген сөз.
©  Александр Лосев
Жарық заттың сыртында ғана ойнап-күледі, ал оның ішіне кіру қабілеті тек жылуға ғана тəн.
©  Гастон Башляр
Зат дегеніміз – тоқтап қалған құбылыстан басқа ештеңе де емес.
©  Гастон Башляр
Кез-келген заттың артында бүкіл ғалам тұрады.
©  Людвиг Витгенштейн
Əр заттың өз сəт сағаты бар.
©  Мартин Хайдеггер
Көзге көрінбейтін зат – ойға да басқалардан əлдеқайда көбірек қарсылық көрсетеді.
©  Мартин Хайдеггер
Біз бір нəрседен ғана – зат пен жасанды заттың жылдам əлдебір бұйымға айналуынан қашқанымыз жөн.
©  Мартин Хайдеггер
Кез-келген зат оны не деп санаса сол ғана бола алады.
©  Мартин Хайдеггер
Сөз жетпеген жерде зат та жоқ.
©  Мартин Хайдеггер
Сөзге, зат пен идеяға қанағаттанатындарға жауап беру қиын. Өйткені затта немесе ақылда мағына бар-жоғын айту да мүмкін емес.
©  Жиль Делез
Заттың бəрінде де сыртына қоса онымен қатар өмір сүріп жатқан іші де бар.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Кез-келген заттың өз ішкі əлемі, «құпия қазынасы» болады.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Заттың əлсіздігі мен ажалы емес, соларға көзсіз елту – қасірет.
©  Жан Бодрийар
Зат нақты тəжірибелік қолданыстан шыққан сəтте-ақ мінезқұлық тəжірибесі саласына өтеді.
©  Жан Бодрийар
Коллекционер міндетті түрде «тамаша статуэтка» екен демейді, «тамаша зат» екен дейді.
©  Жан Бодрийар
Зат болса – оның төңірегінде қалыптасқан əлдебір əдетғұрыптар да болады.
©  Жан Бодрийар
Сатып алмаған зат біздің қолымыздан уақыт тұрғысында алғанда ғана сытылып шығады: ол ешқашан сіздікі болған да емес.
©  Жан Бодрийар
Зат дегеніміз – ғажайып үй жануары.
©  Жан Бодрийар
Зат – біздің уақыт пен ажалға байланысты қорқыныштарымыздың аузына құм құятын тұрмыстық мифология.
©  Жан Бодрийар
Зат – адамның оған қатысты жасайтын қадамдарынан да гөрі күрделіленіп барады.
©  Жан Бодрийар
Зат – қоршаған ортасын қалыптастыруға келгенде адамның өзінің алдына түсіп алады да, оның əлдебір қадамдар жасауына ұйтқы болады.
©  Жан Бодрийар
Адам – заттан, зат – адамнан еркін бола алмайды.
©  Жан Бодрийар
Мен мақсаты бар заттарды істеймін
©  Михаил Ломтадзе
Тірі заттар көп, тек оларды сөйлете білу керек. 
©  Габриэль Гарсиа Маркес
Көп зат сөзсіз тауып айтылады. 
©  Михаил Лермонтов