👈 қаріп өлшемі 👉

Пьер Тейяр де Шарден

Пьер Тейяр де Шарден (1881–1955) – француз философы. Жаратылыстанушы һəм палеонтолог ретінде кең танымал. Дін қызметкері, иезуиттер орденінін мүшесі. «Құдай Орта» (1927), «Адам құдіреті» (1955 жылы автор қайтыс болғаннан кейін жарыққа шыққан) атты шығармалар жазған. 1881 жылы 1 мамырда дүниеге келді. 1899 жылы иезуиттер мектебін бітіріп, иезуиттер орденінің мүшесі атанады. Бірінші дүниежүзілік соғысқа санитар болып қатысып, Құрметті Легион орденімен марапатталған. 1920 жылы Сорбонн қаласында палеонтология докторы ғылыми атағын алды. Қытайға жасалған бірқатар ғылыми экспедицияларға қатысты. Онда адамзаттың арғы тектерінің бірі – синантроп адамын тапты. 1925 жылы дінбұзар атанып, Париждегі Католиктер университетінің оқытушысы қызметінен қуғындалды. Содан соң өмірінің соңына шейін тұрақты қызмет таба алмай өткен. 1937–1946 жылдары Пекиннің елшілер кварталында тұрып, «Адам құдіреті» кітабын жазды. 1947 жылы Парижге оралады. Сол жылы əлем таныған ғұлама Француз ғылым академиясына мүшелікке қабылданады. 1951–1955 жылдары Нью-Йоркте тұрды. Қайтыс болғаннан кейін екі жылдан соң оның кітаптары дінбұзар деп табылып, барлық католик шіркеуі мекемелерінен алынып тасталады. 1962 жылы Ватикан кенсесі католик жастарды Тейяр де Шарден еңбектерінің ықпалынан қорғау туралы арнаулы жарлық шығарды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы