Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Бір-біріңе шындықты бетке айтудың қажеті шамалы: ол қарым қатынасқа кінəрат түсіреді.
©  Роберт Вальзер
Ештеңені жарым-жартылай иемденгім келмейді, одан да ештеңесі жоқтар қатарында жүргенім жақсы: онда ең құрығанда өз жаныма өзім толық қожамын ғой.
©  Роберт Вальзер
 Өлгеннен соң халім мүшкіл болмасын десең, бүгін ойлан!
©  Әбу-Хамид Әл-Ғазали
Жүз жыл білім үйреніп, мың кітапты оқып шықсаң да, ондағы айтылғандарды іске асырмасаң, Алланың мейірім- шапағатынан үміт етуге хақың жоқ.
©  Әбу-Хамид Әл-Ғазали
Тағы бір айтатын мәселе, Алланың жақсылық, мархабаты мол, мейірім-шапағаты өлшеусіз деп халықты адастырып қоймағын!
©  Әбу-Хамид Әл-Ғазали
Ділдің шарапаты – салыстыра қарасаң, барлық нәрселерден ғажайыптығымен ерекшеленеді. Көптеген адамдар оның қыр-сыры ақиқатынан хабарсыз.
©  Әбу-Хамид Әл-Ғазали
Ақиқатында адам денесіне тән төрт сипат бар. Олар – иттік, доңыздық және диюлік пен періштелік. 
©  Әбу-Хамид Әл-Ғазали
Сенің қалыбың екі нәрседен құралады. Бірі – көзіңе көрініп тұрған дене құрылысың: мұны тән деп атайды, мұны көзбен анық көруге болады; екіншісі –..
©  Әбу-Хамид Әл-Ғазали
Жалған сөйлеу және жалған ант беру – екіжүзділіктің нәтижесі деуге болады.
©  Әбу-Хамид Әл-Ғазали
Барлық жамандық – нашар мінез-құлықты адамдармен сұхбаттас болудан пайда болады.
©  Әбу-Хамид Әл-Ғазали
Жақсы перзент – ата-ана қолындағы аманат.
©  Әбу-Хамид Әл-Ғазали
Қараған сайын жүзі бал-бұл жана түсетін бойжеткен алдында жан рахатын кешуден асқан өміршеңдік жоқ.
©  Роберт Вальзер
Жақсы істер туралы ойлап əуре болма, одан да жақсылық жасай бер.
©  Роберт Вальзер
Сəтсіздік – үлкен төре тəрізді соңынан шұбатып төлеңгіт ертіп жүреді. Сəтсіздіктің сіңлісі – ең ізгі жүректің өзін ашу мен қатігездікке жеңдіретін..
©  Роберт Вальзер
Махаббат туралы жазудың ең жайлы жолы – оны ойдан шығару.
©  Роберт Вальзер
Кіріптарлықтың астарында көп еркіндік жатуы мүмкін, тəуелсіздік дегеніміз – шын мəніндегі құлдық болып шығуы да мүмкін.
©  Роберт Вальзер
Сенімнің аздығы ұдайы жігерлі болып керінуге мəжбүр етеді.
©  Роберт Вальзер
Біздің дəуіріміз – пайдаға табынушылығымен қатігез.
©  Роберт Вальзер
Жазып біткенде – жаным да шығады: осыған қуанамын.
©  Роберт Вальзер
Ер бала ер адамнан гөрі батылдау келеді, өйткені ол əлі – балаң, ал есею көп ретте кісіні қарабайыр жəне пайдакүнем ете түседі.
©  Роберт Вальзер
Əдептілердің арасында айлакерлер де аз кездеспейді.
©  Роберт Вальзер
Кімді жақсы білсең – сонымен сиысуың қиынға түседі.
©  Роберт Вальзер
Өзіне-өзі құмар жанды алдау да жеңіл.
©  Роберт Вальзер
Тəттіқұмар үшін тəттінің өзі ащыға айналады.
©  Роберт Вальзер
Бет қайтара білмеген кісінің терең лəззат алуы да мүмкін емес.
©  Роберт Вальзер