Әбу-Хамид Әл-Ғазали

Әбу Мұхаммад әл-Ғазали Әбу Хамид Мұхаммад бин Мұхаммад ат-Туси әл-Ғазали (1058 — 1111) — аса ірі діндар, философ және факихші (мұсылмандық құқық білімпазы). Тус қаласында (Хорасанда) туған, Нишапурда әл-Джувейнидің ( имам әл-Харамайн) шәкірті болған. Ұстазы қайтыс болған соң, 1085 жылдан бастап салжұқ уәзірі Низам әл-Мүлктің жанында болады. Ол мұны 1091 ж. Бағдатта өзі негізін қалаған Низамия медресесіне фикхтан дәріс беретін ұстаз етіп тағайындайды. 1095 ж. исламшылар Низам әл-Мүлкті өлтіргеннен кейін Әбу Мұхаммад әл-Ғазали қажылық сапарды сылтау етіп, Бағдатты тастап кетеді де, 11 жыл бойы Шамда (Дамаск), Туста т.б. бірқатар қ-ларда болады. 1106 ж. Низам әл-Мүлктің ұлы Фахр әл-Мүлктің (салжұқ сұлтаны Санжардың тұсындағы уәзір) шақыруымен Нишапурдағы Низамийа медресесінде сабақ бере бастайды. Қайтыс болардан аз ғана бұрын туған жері Тусқа қайтып оралады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: