Несіпбек айтұлы өлеңдері туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 378

Көз жасы
Бұл дүние тұспалдамай, астарламай,Тұра ма төмендемей, аспандамай?Жарқыным, айырмаң бар тастан қалай,Өтсең бір жанарыңнан жас парламай?Бостан-бос..
©  Несіпбек Айтұлы
Ақ қырау - аппақ көбелек
Күрсініп іштен көл тынып,Жапырақ қурап ұшқанда,Көзімді жасқа толтырып,Қарадым қайтқан құстарға.Уақытқа ешбір тоқтау жоқ,Шыдарсың қалай келіспей.Тағы..
©  Несіпбек Айтұлы
Бозторғай - жүрек
Тербеді мені қанша арман,Әлдилеп әлі келеді.Бозторғай – жүрек ән салған,Жанымды қозғай береді.Танытып мінез бір қызық,Қысқандай біреу сығымдап,Кей..
©  Несіпбек Айтұлы
Бір қараңғы, бір жарық
Қуалап марғау түнді қырға бұққан,Тағы да келеді атып, нұрланып таң.Тіршілік, сырың неткен сиқырлы еді,Тұратын бір қараңғы, бір жарықтан.Келеміз..
©  Несіпбек Айтұлы
Досым-ау
Досым-ау,Келіп кеттің бүгін маған.Табады аңсағанын түбінде адам.Үніңді іздедім ғой айналамнанАраның ұясындай шуылдаған.Теңіндей көшпенді елдің..
©  Несіпбек Айтұлы
Көкек қары
Қар ма бұл көктемдегі қылаулаған?Барады қозғау салып мынау маған.Жүрегім ұқсап кетті қарлы шыңға,Басында будақ бұлттар мың аунаған.Шынымен бұрқап..
©  Несіпбек Айтұлы
Кеңістікке қол созып
Тағы да тербет мені, бесік-күндер,Елеңдеп күтудемін –Кешіктіңдер.Сендерден дәмеленіп жүргенімде,Кеткенін көрдіңдер ме көшіп кімдер?Сағынып..
©  Несіпбек Айтұлы
Бұлттар көшіп барады...
Шуақ іздеп шығып ем,Құрсанды күн.Бұлттар көшіп барады мың сан бүгін.Жетер ме екемЕнтелеп қусам бірін?Кетер ме екенКөңілдің жусам кірін?Көз алдымда..
©  Несіпбек Айтұлы
Көңіл дауылы
Қарап тұр ем бір күні белге шығып,Қаңбақтарды барады жел көшіріп.Жел айдаған қаңбақтай кім көшпейді,Әурелесе аз күнгі пендешілік.Мына желдің сұсты..
©  Несіпбек Айтұлы
Жаңбыр әні
Сыйлар маған бақытын тағдыр әлі,Көк аспаным жай атып, жаңғырады.Жаңғырады –Төгілер жаңбыр әні,Жаңбыр әні – жанымның сусыны ғой,Өле-өлгенше шөлімді..
©  Несіпбек Айтұлы
Хат
Ағажан,Көкпар қайда, торы ат қайда?Будақ шаң енді қайтып боратпай ма?Соңына сопаң етіп шыға келер,Бұл ғұмыр барады ұқсап шолақ сайға.Жылдардан жүйрік..
©  Несіпбек Айтұлы
Құлын көрдім түсімде
Құлын кірді түсіме бүгін менің,Көрдім анық ойнақтап жүгіргенін.Жануар-ай, ғайыптан қайдан келдің,Көптен бері жүректің түбінде едің.Күлте жалды..
©  Несіпбек Айтұлы
Өткердік жастық көктемін
Өткердік жастық көктемін,Біз көрген қызық жетерлік.Арудың жұтып от лебін,Бокалды басқа көтердік.Атойлап әрбір тараптан,Думанға кірдік шалқыған.Күшті..
©  Несіпбек Айтұлы
Есіңде ме?
Жаз күркесін күз келіп жығар әлі,Өрекпумен өзендей жыл ағады.Шағаласын шақырып шалғай кеткен,Көлдерім тұр көзімде жылағалы.Жайлау үсті.Сонау бір..
©  Несіпбек Айтұлы
Сағындың ба, сен мені?
Жыл құстары қиқулап,Көшкенде өзен сеңдері,Көкірегіңде күй тулап,Сағындың ба, сен мені?Гүлдер қақса қанатын,Қызыл оттай қыр лаулап,Таусылып бар..
©  Несіпбек Айтұлы
Бақанас - біздің балалық
Ұл едік онда, қыз едік,Бір емес едік – жүз едік.Бақанас деген өзендіОлай да кешкен – біз едік,Бұлай да кешкен – біз едік!Бұрымын иіскеп бал..
©  Несіпбек Айтұлы
Үміт көбелегі
Оралдым ауылға мен жылдар салып,Қуана құшақ жайып тұр қарсы алып.Тезірек түседі екен тосын көзге,Арада өзгергені кім қаншалық.Біразы көне үйлердің..
©  Несіпбек Айтұлы
Табалдырық
Халқыма қадірменді, табалдырық!Тұрасың әр уақытта алаң қылып.Үлкендер «Баспа!» дейді,Аттап өтем,Сыр бар-ау, ар жағында алар біліп...Тіршілік..
©  Несіпбек Айтұлы
Ошақ
Бармысың,Киелі ошақ ұшқындаған!Сағынтып жүрегімді қыстың жаман.Қойнынан қара түннің қарауытқан,Сәуле боп сонадайдан түстің маған.Сырлы ошақ,Сағымды..
©  Несіпбек Айтұлы
Бесік жыры
Адамның еске түссе есіл күні,Есіне түседі екен бесік жыры.Жадымнан оқта-текте шығып кетсе,Анашым, айналайын, кешір мұны.Қоңыр тау,Қоңыр өзен..
©  Несіпбек Айтұлы
Тілдей торғын табылмаса тоқымыңа жиектік...
Тілдей торғын табылмаса тоқымыңа жиектік,Құрым киіз қайдан болсын көк қошқарға күйектік.Қаптап өскен қалың орман күйіп кетсе күл болып,Титтей ағаш..
©  Несіпбек Айтұлы
Қырғанменен күйесін...
Қырғанменен күйесін,Қазан түбі ағармас.Қырсық шалса иесін,Құмай тазы аң алмас.
©  Несіпбек Айтұлы
Сардардың сүрінсе аты ең алдағы...
Сардардың сүрінсе аты ең алдағы –Жау жағадан, етектен бөрі алғаны.Жусап жатқан жылқыңды үрітеді,Көк шегіртке кісінеп көгалдағы.
©  Несіпбек Айтұлы
Ит жатпаса іргеңе...
Ит жатпаса іргеңе,Оған таста бірдеңе.Бар екенін білдірер,Ашыққанда бүрге де.
©  Несіпбек Айтұлы
Төрттағандар
Айтумен жүрміз Азаттық жырын,Тартумен жүрміз азаптың жүгін.Өзінің тілін ит те біледі,Итке бермесін қазақтың күнін!
©  Несіпбек Айтұлы