Құс туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 127
Жұмбақтар: 23
Тақпақтар: 48
Өлеңдер: 239
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 16
Туындылар: 4
Әңгімелер: 30
Ертегілер: 12
Шығармалар: 2
Аңыздар: 7

Бiлетiн бар кiм?«Ү» əрпiн,Қайсы құсАйта алар айқын?(Үкi, уһiлеп)
©  Ескен Елубаев
ТАУЫҚ, ҮЙРЕК, ҚАЗ ҚАНША?
Үйiмiзде тауық көп.Үйрек,Қаз да жетедi.Жұмыртқа олар тауып көп,Бiздi қарық етедi.Бəрiн жинап аламыз,Аралап шөп, қораны.Ыдысқа əкеп саламыз,Бiр..
©  Ескен Елубаев
Жайнаған бақтың әншісіТамсанған оған сан кісіСайраудан бір талдайдыӘнші құс бал таңдайлыЖауабы - Бұлбұл
Елде де жоқ,Менде де жоқ.Жерде де жоқ,Сенде де жоқ.Тыста да жоқ,Құста да жоқ.Көпте де жоқ,Көкте де жоқ.(Құс сүті)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Таза ауалыТаулы алқап мекені,Қысы-жазыБір шапанмен өтеді.(Қарағай)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Көлде қаптаған,Шөлде жатпаған.(Су құсы)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Аяғына қарапЖұбанады.Құйрығына қарапҚуанады.(Тотықұс)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? жауабы: 12 құс. (Тордан ұша алмайды)
©  Логикалық сұрақтар
Аңшы неден қорқады? Әйел несімен сұлу? Тордағы құс нені армандайды? Үш сұрақтың жауабы бір сөз.Жауабы: Астында пікірлерде....
Айтқанды айтқан,Қайталап жатқан.Торда ұстап баққан (тоты құс)
Əсем бақта əн салады,
Əніне жұрт тамсанады.

Жауабы-Бұлбұл
Сөйлесе, сөзді,
Айтса, ауызды,
Тынысы басқа,
Маңдайы қасқа.

Жауабы: Тоты құс
Қамысы қара көлдің бунақ-бунақ,
Жел есер қара көлден тулап-тулап.
Мысырға ұзатылған апаларың
Төркіндеп келе жатыр улап-шулап.

Жауабы: Туған..
Бір керуен аттанады Шам шәріне,
Алыс жол алты айлық хан шәріне.
Қош айтып, қоғалы көл, қом суларға,
Созады ащы даусын таң сәріде.

Жауабы: Жыл..
Екі рет туады,
Бір рет өледі.

Жауабы: Құс
Аппақ жолға қараймыз тамсанып,
Сүтін төгіп кеткен кім, жол салып?

Жауабы: Құс жолы
Көл бетінде керуен жол.

Жауабы: Құс жолы
Өзеннің бір жағасында 10 метр, арғы жағасында 15 метр биіктікте екі ағаш тұр. Екі ағаштың төбесінде бір-бір құстан қонып тұр. Өзеннің ені 25 метр...
Сөйлесе сөзді,
Айтса ауызды,
Тынысы басқа,
Маңдайы қасқа.

Жауабы: Тоты құс
Аққу емес, мойны ұзын,
Тырна да емес, сирақты.
Аулайды балық күн ұзын,
Түсіреді еске жирафты.

Жауабы: Балықшы құс
Талдың басында,
Жемi бар қасында.
Там тұр саялы,
Достарға аялы.

жауабы
Құс ұясы
Бір нәрсе өзі жансыз керіледі,
Қампиып қарны торсық көрінеді.
Ісі бар және о-дағы таңғажайып,
Сабаса екі жақтап семіреді.

жауабы - Құс төсек
Доп пішіндес тасты
Бауырына басты.
Жауабы: Жұмыртқа басқан құс