Математикалық жұмбақтар жауабымен туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 9

ТАУЫҚ, ҮЙРЕК, ҚАЗ ҚАНША?
Үйiмiзде тауық көп.Үйрек,Қаз да жетедi.Жұмыртқа олар тауып көп,Бiздi қарық етедi.Бəрiн жинап аламыз,Аралап шөп, қораны.Ыдысқа əкеп саламыз,Бiр..
©  Ескен Елубаев
Еу жұрнағы, - ау жұрнағы Кей сандарда кезігед. Атай қойшы сол сандарды Тұрғаныңда кезі кеп. (бірден  жетіге дейін).
©  Сүлеймен Баязитов
Сан басында бір тұрады білесің, Содан кейін әр ондықтан алады бір үлесін. Жүзге дейін неше бір бар екенін, Қане, қайсың білесің? (бір он рет келеді).
©  Сүлеймен Баязитов
Қарақаттың литрі 25 - теңге тұрады, 75 - литр сатсаң сен Қанша ақша шығады. (1,875)
©  Сүлеймен Баязитов
Әнегүні Желтауға үш сағатта шығып ем, 180 - минут жұмсадым сол сапарға бүгін мен. (екеуінде де үш сағаттан).
©  Сүлеймен Баязитов
Санау үшін адамды, талды, малды,Ертеден мұра болып қалды,Көбейтіп, бөліп, азайтып,Қосамыз күнделікті ол санды.(натурал сан)
Айқасқан екі таяқ,Тұрады жоқты сұрап.(икс )
Біз санбыз сызықпен бөлінген,Математиканы ұқпас адамғаҚұбыжық боп көрінген.Дұрыс, бұрыс, аралас,Ондық болып бөлінген.(бөлшек сан)
Математикалық таңба ол,Білімің болса, ашасың,Теріс сан болса астында,Мағынасыз деп қашасың.(квадрат түбір )