Қаз туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 17
Жұмбақтар: 13
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 50
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 6
Ертегілер: 5
Аңыздар: 1

Жатам құстар тобына,Азығымын адамның.«Ы»-ны қоссаң соңыма,Жылқы етімін – тағаммын.(Қаз бен қазы)
ТАУЫҚ, ҮЙРЕК, ҚАЗ ҚАНША?
Үйiмiзде тауық көп.Үйрек,Қаз да жетедi.Жұмыртқа олар тауып көп,Бiздi қарық етедi.Бəрiн жинап аламыз,Аралап шөп, қораны.Ыдысқа əкеп саламыз,Бiр..
©  Ескен Елубаев
Судан шықпас,
Су жұқпас.

Жауабы: Қаз бен үйрек
Өреді қайраңдап,
Келеді байпаңдап.
Қарғып түсіп өзенге,
Малтиды тайқаңдап.

Жауабы: Қаз
Судан шықса баладай,
Тәй-тәй басып қалады-ай.

Жауабы: Қаз
Қанаты бар, ұшпайды,
Адам қолда ұстайды.

Жауабы: Асыранды қаз
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.

Жауабы: Қаз
Ай астында жортқан,
Күн астында жортқан,
Күміс сырнай тартқан.

Жауабы: Қаз, қу
Балпаң-балпаң басады,
Адамнан қатты сасады.
Саусақтары салалы,
Қыста жылыға қашады.

Жауабы: Қаз
Жайнаған жер үсті,
Мекенмін келісті.
Бірінші әріп ауысса,
Айдынға ұшып қонамын.

жауабы
Жаз -Қаз
Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етімін – тағаммын.

жауабы
Қаз - Қазы
«Ж»-дан бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
«Қ»-дан бастасаң,
Құсқа айнала қалады.

жауабы
Жаз - Қаз
Кеудесi қайқандап,
Жүредi байпандап.

жауабы
Қаз