Еңбек туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 295
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 46
Өлеңдер: 131
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 148
Құттықтау, тілектер: 33
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар: 6
Эсселер: 5

Қайратың бар да мал тап.
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
Жақсы жұмыс - жанға тыныс.
Жұмысы бардың
Жүйкесі тыныш.
Еңбек еткен емеді,
Еңбексіз не өнеді.
Қолынан келген қонышынан басады.
Көрнекті іс көмілмейді.
Еңбек етсең — емерсің,
Ерінбесең - жеңерсің.
Істің басы байлы болса,
Аяғы сайлы болады.
Біткен істің міні жоқ,
Бітірген ердің кемі жоқ.
Әлің барда еңбек ет,
Еңкейгенде емерсің.
Тере берсе тезек те қызық.
Кәсіп, кәсіп түбі - нәсіп.
Жатқанға жан жуымас,
Жалқауға мал құралмас.
Кісіден тілегеннің
Екі көзі шығады.
Еңбегіне сенгеннің
Екі бүйірі шығады.
Күнің шуақты болсын,
Көлің суатты болсын,
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті болсын,
Еңбегің келісті болсын.
Артық олжа басқа еңбек.
Арық қазбасаң су келмейді.
Ерді ер ақтайды,
Еңбекті жер ақтайды.
Білек түр де еңбек ет,
Етек түр де елге жет.
Аға —
Еңбекпен көркем.
Бала —
Біліммен көркем.
Еңбегі жоқ ғалым —
Ыстығы жоқ жалын.
Өмір — теңіз,
Еңбек — егіз,
Ақыл — сегіз.
Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
Ермек қуған
Бәлеге жолығады;
Еңбек қуған
Қазынаға молығады.