Жақсы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 340
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 70
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 78
Құттықтау, тілектер: 15
Туындылар: 1
Әңгімелер: 10
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.
Жақсыда кек жоқ.
Таудың басын көр де,
Түбіне барма;
Жақсының өзін көр де,
Үйіне барма.
Жақсының үйі мен түзі бірдей.
Өзі жақсы кісіге,
Бір кісілік орын бар.
Арғымақ аттың құйрығы –
Әрі жібек, әрі қыл,
Асыл мінез азамат,
Әрі төре, әрі құл.
Жақсы мақтанса, есебін табар,
Жаман мақтанса, қатынын сабар.
Жақсыға берсең асыңды,
Жақсы сыйлар басыңды.
Жаманға берсең асыңды,
Итке тастар басыңды.
Жақсыменен жарыққа кім қарамайды.
Жақсы өзін қосып сөйлейді,
Жаман босқа бөсіп сөйлейді.
Жақсыны жаман десең, аққудай мойнын созады,
Жаманды жаман десең, аяғынан тозады.
Жақсыны сыйласаң есінен кетпейді,
Жаманды сыйласаң есігіңнен кетпейді.
Жақсының жаны - жаннат.
Жақсының жаты болмайды,
Жаманның ұяты болмайды.
Жақсының жүрген жері - базар,
Жаманның жүрген жері - азар.
Жақсының қадірі өлгенде білінер,
Жақсы аттың қадірі мінгенде білінер.
Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
Жақсы жатырқамайды, аңқау алдамайды, әңгі тыңдамайды.
Жақсыда жаттық жоқ,
Жаманда жақындық жоқ.
Жақсы жерге жатсаң, жақсы түс көрерсің.
Жақсы көргенін мақтап жүрер,
Жаман көргенін даттап жүрер.
Жақсы іске келді, жаман асқа келді.
Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,
Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды.
Жақсы көпке құлық қылмайды, азға зорлық қылмайды.