Батырлық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 42
Өлеңдер: 6
Нақыл сөздер: 12
Әңгімелер: 3
Эсселер: 2

Оқтаулы мылтық
Мың күн атылмайды,
Бір күн атылады.
Аянкестің белгісі —
Арықты да «жар» дейді.
Еркетайдың белгісі —
Кең дүниені «тар» дейді.
Қылыштың міндеті — кесу,
Қолдың міндеті — шешу.
Оқ-дәріңді отқа жақ.
Керуен басы білікті болса —
Көлік азбайды.
Қолбасы білікті болса —
Сарбаз тозбайды.
Желмен жарыспа,
Ноймен алыспа.
Қынапсыз қылыштан шошын,
Күтпеген ұрыстан шошын.
Қақпақты найзамен ашпас болар,
Күлді қылышпен шашпас болар.
Ақылдан асар амал жоқ,
Батылдар алмас қамал жоқ.
Шамасыз батырлық —
Шарасыз өлім.
Батылдық — батырлықтың сауыты.
Шөлде суыңды сақта,
Соғыста туыңды сақта.
Болат бүгілмес, шорт сынар.
Бірлік білекте емес, жүректе.
Әлі келген алып та жығады,
Шалып та жығады.
Ер сыйлаған есікте отырмас.
Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,
Батырмын деп баптанба, барып қайтпай.