Ешкі туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 28
Жұмбақтар: 11
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 12
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 9

Серкештің еті ем болар,Ешкінің еті жел болар.
©  Түркі халықтары
Ешкі барыстың қақпасынан өтпейді.
Ұзын сақалдың арқасында ешкі өзін поппын (дін қызметшісі) деп ойлады.
Бір жағалауда Жолбарыс та ешкі де су ішеді.
Гиеналар ешкілерді қалдырмайды.
Кәрі ешкі жейтін жапырақты жас ешкі де жейді.
Барс пен ешкі бір-бірін ұнатпайды.
Есекке үкі тақпайды,Ешкіге жабу жаппайды. 
Бәйге алмаған жүйріктенБелі берік бесті артық.Сүт бермеген сиырданШай қатық берген ешкі артық. 
Ешкі өзі туа алмай жатып,
Қойға кіндік шешелікке барыпты.
Есің ауса, ешкі жи.
Ешкі егіз тауып, қойдан аспайды.
Баланың ісі сеп болмайды,
Ешкінің мүйізі сап болмайды.
Қара итін де қара ешкісінің бағасымен сатады.
Аспанға ұшқанмен, ешкі ғой.
Түйені жел шайқаса,
Ешкіні көктен табарсың.
Ешкі сойғанның екі малы бар:
Мүйізі пышағына сап,
Терісі балаңа жарғақ.
Ешкіні құдай ұрарында,
Қойшының таяғына сүйкенер.
Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.
Қасқырдан қайрат кетсе,
Ешкіні апа, текені жезде дейді.
Ешкі қырққан сайын бір өледі,
Ер жігіт ұялған сайын бір өледі.
Есің кетсе ешкі жи,
Ешкі жиып, есің жи.
Егіз лақты ешкіге
Екі елі май кім берсін?!
Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп
Құлағынан айрылыпты.