Ынтымақ туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 136
Тақпақтар: 47
Өлеңдер: 22
Нақыл сөздер: 9
Құттықтау, тілектер: 37
Баталар: 9
Туындылар: 1
Әңгімелер: 1
Шығармалар: 7
Эсселер: 6

Бірліксіз істе береке жоқ.
Бірлігі күшті ел азбайды,
Пішуі кең көйлек тозбайды.
Бірлік еткен озар,
Бірлеспеген тозар.
Ынтымақ — ырыс қазығы,
Уәде — жанның азығы.
Біршілік болмай — тіршілік болмайды.
Ұйымдасқан ұтады.
Тоқтығында жараспаған,
Аштығында қараспайды.
Қосылғанның — қолы ұзын,
Қос керуеннің — жолы ұзын.
Байлық байлық емес, бірлік — байлық.
Қол жұмылмай — жылынбайды.
Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.
Құрама жиып ел өткен,
Құрақ жиып шөп еткен.
Ынтымақтың арты игі.
Ынтымақсыз елді —
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді —
Дұрысы билейді.
Жұрт келгендей жиын болсын,
Жұмылған қолдай ұйым болсын.
Бір кісінікі — мақұл.
Екі кісінікі — ақыл.
Төртеуі түгел төрге шығар.
Тірлік басқа болса да,
Тілек бір.
Бармақ басқа болса да,
Білек бір.
Итпен ит ырылдасса
Тамағының тоқтығы.
Жігітпен жігіт қырындасса
Ынтымағының жоқтығы.
Жері азған елде
Тоқшылық болмайды.
Ері ынтымақты елде
Жоқшылық болмайды.
Біреуге біреу сеп,
Тамға тіреу сеп.
Тату елдің тамағы таусылмайды.
Ұрыстың арты — реніш,
Татулықтың арты — кеніш.
Берекені көктен тілеме,
Бірлігі мол көптен тіле.
Ауылы бірдің – ауызы бір.