Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  145


Автор: Бақыт Беделханұлы

Ей, даңғаза тірлік, даурықпай сəл, сəл тұра тұр!

Ей, даңғаза тірлік,
даурықпай сəл, сəл тұра тұр!
Кеудемде менің басталды сұмдық
сұрапыл.
...Ғапыл дүние ғазауат күтіп күрсініп,
Алысып жатыр жалғыз жүрекпен
мың ақыл.
Жалғыз жүрекпен алысып жатыр бар əлем, Бəріміз бармыз; сен, олар тағы... жəне мен. Сөйлейтін, бірақ өлмейтін қуыршақтардан
Қашып құтылды, шындықтың шыбын жаны əрең...
Ал, қуыршақтар қуыс кеудемен боқ
күреп,
Қырықпышақтың сабын ұстады,
жоқ тілеп...
Ардан да таза Алланың аңсап ақ нұрын,
Өксіп өртенді – өстіп өртенді от жүрек.
...Өртеніп-жанып бақұлдасқан соң
бақ-құтпен,
Құс жолыменен қанатын қағар
Хақ күткен...
Даңғаза тірлік, даурықпай сəл,
сəл тұра тұр,
Сенің ақиқатыңды айтар – ақтық дем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу