Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  135


Автор: Тортай Сәдуақас

ҚОРЫҚПАҢДАР ТҮРМЕДЕН!..

(Сонет)
Жасыма, жас дос, жасқанба қапас түрмеден,
Қаймықпа шынжыр, кісеннен!..
Кейде бұл жылан
Сұп-суық болып сумаңдап кірер іргеден, –
Қорқыта алмас, салса да бірақ күнде ылаң?!.
Мырзалар, мейлі, мәз болсын бізді мазақтап:
Тырнағы батқан – түрмеге түссек, бауырым;
Тот басқан мына шынжырмен асып, азаптап,
Қинауда бізді көрсін деп құлдық дәуірін!
Түрме емес бұл, жоқ!
Сұмдық бар өткен түрмеден, –
Торығу, аңсау, айдалу – болмай басқа амал;
Көбейсін достар соларға қарсы үндеген!
Қорқытпас бізді қамаған мынау тас қамал, –
Үрейден туған қорғаныш қана бұл деген...
Билік те құлап, мәңгілік жерді жастанар!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу