Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  149


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қоңыр жай (1 нұсқа)

Бозбалаға ат қайда қарагердей,
Көкірегім кең сарай—дала, жердей, қоңыр жай.
Жаман жолдас, шабан ат, өтпес пышақ,
Кәрі бүркіт түлкі алмас—бәрі бірдей, қоңыр жай.

Лебізінен жақсының тамшылаған,
Керегі жоқ жүйріктің қамшылаған.
Алпыс үйрек күнінде ілсе дағы,
Бағаң артық, ақтұйғын, қаршығадан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу