Бөлім: «Баталар»

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады. Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған. Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
Ер азаматқа арналған жақсы бата
Жарылқа, Алла, дамыл ет,Жарылқаудың қамын ет!Ізет-абырой, бақ-дәулет,Қызыр қарап, бақ қонып,Не тілесең,Соның бәрін қабыл ет!Алтынға балар..
Жігітке ақ бата
Қонысың өрісті болсын,Еккенің келісті болсын.Еңбегің жемісті болсын!Жарың жібектей болсын!Арың түлектей болсын!Өнерің өрлей берсін,Өмірің төрлей..
Ер болсын
Өрендерің ер болсын,Отырғаның төр болсын,Көре алмаған бағынды,Сындыра алмай сағыңды,Қара ниет дұшпаның,Бетін басып жер болсын!Әумин!
Азаматқа арналған бата
Далақтаған даудан сақта,Жалақтаған жаудан сақта!Ашыққан бөріден сақта,Ашынған ұрыдан сақта!Дауылдың кәрінен сақта,Жыланның зәрінен сақта!Аяқ астынан..
Ерге бата
Уа, Жаратқан, жарылқа,Бақ-дәулетін аумас қыл!Ала ауыздан алас қыл,Қарғағаннан қалас қыл!Ниеттері ақ болсын,Бейнеттері пәк болсын!Әумин!
Ер азаматқа арналған әдемі бата
Түздегіні түзде сақта.Жаратушы жан Ием,Әрқашанда бізді сақта.Кедергі мен кеселденБір Алла өзің сақта!Айтқанымды қабыл етсін бірӘумин! Аллаһу акпар!
Жігітке бата
Ғайып ерен қырық шілтен,Назарыңды салып өт.Тар жол, тайғақ кешуде,Жәрдемдесіп алып от.Бақыт, дәулет, перзенттеЕш болмасын қасірет.Ықыласпен тілек..
Жігітке арналған бата
Бисмилляһи-ир-рахман-ир-рахимУә, Жаратқан ием құдірет,Тілегімізді қабыл ет,Иманымызды кәміл ет!Достың көңілін аша көр,Дұшпанның көңілін баса..
Ерге арналған бата
Абырой бер, аман сақта.Оттан, судан сақта.Тілсіз жаудан сақта,Күле кіріп,Күңірене шыққан дүшпаннан сақта,Дос болып, қас болғаннан сакта.Өсек, өтірік..
Азаматқа бата
Ойың көсем болсын,Сөзің шешен болсын!Осының бәрі —Сөзімнің нәріҚұдайымның құлағына шалынып,Тілеуім қабыл болсын!Құдай жолынды оңдасын!Бес жүз саулық..
Ер азаматқа арналған бата
Мәнісін ұқ батаның,Борышын өте атаның.Амандық пен саулықтыМен де тілеп отырмын.Аман барып, сау қайтарБерсін жолдың төтесін.Екі жылдық..
Ер азамат
— Әумин — десең бізгеБата бердік сізге.Әуелі, Құдай, жаздай бер,Жаздай берсең, жазбай бер!Әуелі, Құдай, күздей бер,Күздей берсең, үзбей бер!Әуелі..
Жігітке бата
Жақсының қадірін біл,Кәрінің әділін біл!Өнегенді қазық ет,Ақылыңды азық ет!Сағың сынбасын,Бағың нұрлансын!
Ер адамға бата
Ақылың ассын,Ықыласың тассын,Ұлың үбірлі болсын,Қызың шүбірлі болсын,Жақының көп болсын,Дұшпаның жоқ болсын.Жақсы келсін қасыңа,Нұр жаусын..
Ер азаматқа бата
Жортқанда, балам, жолың болсын,Өмір жасың ұзақ болсын!Қатарынан озған өрен бол,Сынай қалса — кұлақ сал,Мақтай қалса — керең бол!Теңіздейін терең бол!
Азаматқа бата
Әумин десең, міне, бата,Қолдасын Қыдыр Ата.Қыдырың қияласын,Періште ұяласын.Ел шеті жаусыз болсын,Ел іші даусыз болсын!Өрісің мықты болсын,Қонысың..
Тілек батасы
Жете бер аңсап күткен тілегіңе,Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,Алды бол қатарыңның бұл өмірде.Себездеп алтын ара..
Халыққа бата
Уа, Жаратқан Ием!Халқымды даласымен сақта.Елімізді данасымен сақта,Сәбиді анасымен сақтаАзаматты санасымен сақтаЖұртымды қасірет-қайғыдан..
Жолаушыға бата
Бес қаруың сайлы болсын,Жортқан жолың жайлы болсын.Күнің шығып, жарқырап,Түнің тыныш, айлы болсын,Ішкенің зәмзәм суы боп,Ұртың толы майлы болсын,Бір..
Сапар батасы
Бақытты бол, қарағым,Қара көзім маралым.Алтыннан болсын тарағың,Күмістен болсын жарағың.Қуаныш, күлкің тыйылмай,Жарқырай берсін қабағың.Мақтанышы..
Жол батасы
Оралуың тез болсын,Қасқа жолдың бойында.Қыдыр бабам кез болсын,Өзің жайлы жат елде.Жылы-жылы сөз болсын.Көре алмаған дұшпанның,Екі көзі без..
Жолға бата
Жолыңды Алла қолдасын,Жаманшылық болмасын.Серті мен сөзде тұратын,Сенімді болсын жолдасың.Жолыңды кесем дегендерЕшқашанда оңбасын.Сәтті болып..
Сапаршыға бата
Оң болсын, балам, сапарың,Молықсын дәмің, татарың,Туған елің тапсырған,Парызын өте Отанның.Барып келіп жатыр ғой,Өзіңдей жастар – қатарың.Халықтың..
Сапарға арналған бата
Көштерің көлікті болсын,Жолдарың көрікті болсын,Қоныстарың құтты болсын,Босағасы мықты болсын,Ауру-сырқаудан аман болыңдар.Бастарыңа айырылмас бақ..
Қарияның жастарға батасы
Балалардың ұзақ болсын өмір жасы,Бірге өссін біте қайнап мал мен басы.Қашанда тіл мен көзден аман сақтап,Қасында жүрсін оның пір панасы.Үйреніп..