Азаматқа бата туралы Баталар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Баталар: 12

Тіл тидірмесін анадан.
Иллаһи аумин,Тіл тидірмесін анадан.Шайтанның шәрінен сақта,Патшаның кәрінен сақта.Ораздымен оттас қыл,Имандымен жолдас қыл,Қарғағаннан қалас қыл.Көзі..
А, құдайым ондасын
А, құдайым ондасын,Оңдағанның белгісі,Қайырлы етіп басыңа.Бақ пен кыдыр орнасын.Дұшпаның үстем болмасын,Маңайың үбірлі-шүбірлі болсын.Келген қыдыр..
Жігітке ақ бата
Қонысың өрісті болсын,Еккенің келісті болсын.Еңбегің жемісті болсын!Жарың жібектей болсын!Арың түлектей болсын!Өнерің өрлей берсін,Өмірің төрлей..
Ер болсын
Өрендерің ер болсын,Отырғаның төр болсын,Көре алмаған бағынды,Сындыра алмай сағыңды,Қара ниет дұшпаның,Бетін басып жер болсын!Әумин!
Ерге бата
Уа, Жаратқан, жарылқа,Бақ-дәулетін аумас қыл!Ала ауыздан алас қыл,Қарғағаннан қалас қыл!Ниеттері ақ болсын,Бейнеттері пәк болсын!Әумин!
Жігітке бата
Ғайып ерен қырық шілтен,Назарыңды салып өт.Тар жол, тайғақ кешуде,Жәрдемдесіп алып от.Бақыт, дәулет, перзенттеЕш болмасын қасірет.Ықыласпен тілек..
Ерге арналған бата
Абырой бер, аман сақта.Оттан, судан сақта.Тілсіз жаудан сақта,Күле кіріп,Күңірене шыққан дүшпаннан сақта,Дос болып, қас болғаннан сакта.Өсек, өтірік..
Ер азаматқа арналған бата
Мәнісін ұқ батаның,Борышын өте атаның.Амандық пен саулықтыМен де тілеп отырмын.Аман барып, сау қайтарБерсін жолдың төтесін.Екі жылдық..
Жігітке бата
Жақсының қадірін біл,Кәрінің әділін біл!Өнегенді қазық ет,Ақылыңды азық ет!Сағың сынбасын,Бағың нұрлансын!
Ер адамға бата
Ақылың ассын,Ықыласың тассын,Ұлың үбірлі болсын,Қызың шүбірлі болсын,Жақының көп болсын,Дұшпаның жоқ болсын.Жақсы келсін қасыңа,Нұр жаусын..
Ер азаматқа бата
Жортқанда, балам, жолың болсын,Өмір жасың ұзақ болсын!Қатарынан озған өрен бол,Сынай қалса — кұлақ сал,Мақтай қалса — керең бол!Теңіздейін терең бол!
Азаматқа бата
Әумин десең, міне, бата,Қолдасын Қыдыр Ата.Қыдырың қияласын,Періште ұяласын.Ел шеті жаусыз болсын,Ел іші даусыз болсын!Өрісің мықты болсын,Қонысың..