Мінез-құлық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 55
Өлеңдер: 2
Нақыл сөздер: 16

Бір сүйген адамыңды мәңгі сүйіп өтуге болады. Бұл махаббаттың күшінен ғана емес, адамның мінез-құлқының тұрақтылығымен байланысты.
©  Ілияс Есенберлин
Жақсы мінез - жомарттық.
©  Иүгінеки Ахмед
Жаман мінез жанға опа бермес.
©  Иүгінеки Ахмед
Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа.Жұрт қашардай - қатты болма,Жұрт таптардай - жуас болма.
 
©  Саиф Сараи
Қайырсыз итке мал бітсе — аңқаң құрып келгенде саумал бермес ішерге. 
©  Бұқар жырау
Іштен қыңыр туғанды тезге салсаң түзелмес. 
©  Бұқар жырау
Ызақор - қабаған төбет тәрізді. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ашумен қылған іс - іс болып жаратпайды. Бойды ашуға билетпе. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Көңілі жұмсақ адамның күрмеуін тағдыр шешеді. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ең зиянды адам - мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек - осы төртеуі кімнің бойында болса - сол шын адам..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан.Күні бұрын жуытпа маңайыңа,Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан.  
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Мінез-құлық міні — рухани кеселге жатады.
©  Әл-Фараби
Бақыттың мәні — парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын , іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп..
©  Әл-Фараби
Бас асауға – жез ноқта.
©  Мұхтар Әуезов