Дүние туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 42
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 516
Нақыл сөздер: 132
Әңгімелер: 35
Поэмалар: 2
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 3

Жер бетіне тұңғыш ой сəулесін түсірген сəттен бастап, өмір өзін де сынай алатын жəне өзі туралы да ойлай алатын ғаламат күшті дүниеге əкелді.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Ғылым дүниеге заттардың сыртқы көрінісін бақылаудан гөрі басқаша қараған кезі бар ма?!
©  Пьер Тейяр де Шарден
Дүние дегеніміз – шын мəнінде өте ұлы іс.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Дүниенің тереңдігін өлшейміз деп əлек болған кезімізде – ақылымыздың өзі ұялып жерге кірердей болады.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Дүниеде бір ғана анық нəрсе бар: ол – өсіп-өнуге деген құштарлық!
©  Пьер Тейяр де Шарден
Дүниені сенім нұрландырады, ал адалдық соған жақындастыра түседі.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Дүние – адам үшін шешуге тиісті жұмбақ тəрізді.
©  Жорж Батай
Дүние терең мағынасында ессіз көрінеді, ешқандай артық ойсыз ессіз келеді, ал ессіздік мəнершілдікке бейім тұрады.
©  Жорж Батай
Дүниені шырқ үйіріп, əмірін жүргізіп отырғандар арасында шынын айтар ешкім жоқ.
©  Роберт Вальзер
Кез келген көне дүние осы күнге аман-сау жеткені үшін ғана сүйкімді.
©  Жан Бодрийар
Дүние шіркін тар екен ғой, көп адам, көп арман қалай сиып тұр? 
©  Ғабиден Мұстафин
Білім артық, ол жаныңды байытады, байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдыруы мүмкін.
©  Әзірет Әлі
Білім қанша көп болса да іріп-шіріп бүлінбейді, дүние-мал бүлінеді, сондықтанда білім артық.
©  Әзірет Әлі
Дүниені жиуды білген адам шашқанды да біледі, ал шашқанды білген адам жиуды білмейді.
©  Естеу ЖҮНІС
Дүниенің, ақшаның көбейуі ұрпақтарды аздыруда.
©  Естеу ЖҮНІС
Дүниедегі роза гүлдерінің бәрінде тікен бар. Егер қолыңды жаралаудан қорықсаң, роза гүлінің хош иісін иіскей алмайсың. 
©  Артур Шопенгауэр
Дүниеде көбірек тұрғың келсе өзіңді-өзің бапта, кеткің келсе былапытта. 
©  Ғабиден Мұстафин
Дүниені қатты жақсы көрсең ол бірде сені ит қып үргізеді, бірде жыланғып шақтырады, бірде түлкіғып алдатады, бірде қасқырша жұлыстырады....
©  Нұрхалық Абдырақын
 Келесі дүние, бұл дүниенің көшірмесі.
©  Нұрхалық Абдырақын
Дүниенің соңына сен шыға алмайсың, дүние сенің соңыңа шығады.
©  Нұрхалық Абдырақын
Дүниені қуған сайын қашады, иманды қуған сайын саған жақындайды, дүние сені құйға батырса, иман сені нұрға батырады.
©  Нұрхалық Абдырақын
Періштелер Алла Тағаладан адамдар өздерінің қысқа ғұмырын біліп тұрып қалай, уайымсыз өмір сүреді деп сұрады. Алла Тағала адам дүниеге қызығып..
©  Нұрхалық Абдырақын
Қайда жүрсең де, нені бастан өткерсең де, өзіңді өзің жоғалтпа. Басқа түскен істі қара нардай қайыспай көтере білген жөн. Жіберген кемшілігіңді..
©  Әкім Ысқақ
Дүние мен ақырет батыс пен шығыс сияқты. Біріне жақындасаң, екіншісінен ұзайсың.
©  Өсиет сөздер
Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел. Алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер. Кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер.
©  Абай Құнанбаев