Анашым туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 67
Өлеңдер: 64
Құттықтау, тілектер: 34
Әңгімелер: 5
Шығармалар: 6
Эсселер: 4

Анашым, мереке құтты болсын!
Аялаған анашым,Құтты болсын мерекең.Көктем күні қуантып,Арта берсін берекең.
©  Жібек Ысқақова
Асыл анашым, туған күніңізбен!
Өмірге мені әкелген, Анашым туған күніңмен. Құттықтаймын мен сізді, Шын жүректен жырыммен.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңізбен, Анашым!
Туған күніңізбен, Анашым, Саулық сізге тілеймін. Жаратқан ием жар болып, Амандықта жүр деймін!
©  Жібек Ысқақова
Анашым
Анашым, анамРизамын сағанТіліңді аламынАқылды боламын
Анашым
Ақ қабақты анашым,күн сәулелі анашым.Әлпештеген баласын,айналайын анашым.
Анам
Өмірдің қызығыӨзіңсіз өтпейді.Мен үшін анамаЕшкім де жетпейді.
Анашым
Айналайын анашым,Әлпештеген мамашым.Еміп өскен бөпеміз,Маматайдың мамасын.
Анашым
Анашым анам,Ризамын саған.Тіліңді алам,Ақылды болам.
Анам
Анамды мен жаксы корем,Айткан тилин алып журем.Касымда анам жургендеШаттанып-ойнап кулем!
Анашым
Ақ қабақты анашым,күн сәулелі анашым.Әлпештеген баласын,айналайын анашым.
Айналайын анашым
Айналайын анашым,әлпештеген баласын,Еміп өскен бөбекпіз,анамыздың мамасын.
Ақ анам
Әр сөзімді жаттаған,Жүрегімде сақтаған,Анашым деп мақтанам,айналайын ақ анам!
Анашым
Мен үшін не керек- бәрін іздеп табасың.Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
Ақ анашым
Ақ анашым, аппағым,Өзің жайлы тақпағымӨзің жайлы әнім де,Арнадым саған бәрін де.
8 Наурыз
Мен гүлдердi жұлмаймынТорғайларды ҚумаймынАйтҚан сөзiн тындаймынАнашымды сыйлаймын
Анашым
Аялаған анашым,Мәпелеген анашым.Менің саған тілегімҚартаймашы анашым
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Анашым
Алматы қаласы, Әуезов ауданы

№42 жалпы білім беретін мектептің

3 "ә" сынып оқушысы: Нартан Айша

Сынып жетекшісі: Бакторазова Айгерим

..