Бөлім: «Жұмбақтар»
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Шөбі шүйгін сай – саланы кезетін,Бұл қай жәндік аяқпен дәм сезетін?(Көбелек)
© Көмек Ыбрайұлы
Ыстық жақтан іздеп қара сен мұны:Білесің бе, бұл теңізді ең жылы?(Қызыл теңіз)
© Көмек Ыбрайұлы
Әрбір адам бір – бірімен тең дейтін,Қай ел екен орден, медаль бермейтін?(Швейцария)
© Көмек Ыбрайұлы
Таң қаласың ғажап көп қой әлемде,Білесің бе ең қысқа өзен қай елде?(АҚШ, Ро өзені, ұзындығы 61 метр)
© Көмек Ыбрайұлы
Балғындарым, түйіп алғын санаға,Ең көп адам тұрады қай қалада?(Корея, Сеул. 21.8 млн. адам)
© Көмек Ыбрайұлы
Бiрiншi түбiр сөз –Төл деп бiл, мұны.Екiншi түбiр сөз –Ағзаның бiрi.Екеуiн қосып оқысаң –Саңырауқұлақтың түрi.(Қозы + Құйрық = Қозықұйрық)
© Ескен Елубаев
Бiрiншi түбiр сөз –Түс.Екiншi түбiр сөз –Құс.Екеуiн қосып оқысаң –Ол да құс.(Қара + Торғай = Қараторғай)
© Ескен Елубаев
«Қ»-дан бастасаң, –Қазақтың ұлттық тағамы.«Т»-дан бастасаң –Иттiң бiр түрi бағалы.(Қазы – Тазы)
© Ескен Елубаев
Түп нұсқа –Дақылдың түрi.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Перзенттiң бiрi.(Сұлы – Ұл)
© Ескен Елубаев
Түпнұсқа –Қалтаңдағы зат – тiсi көп кiл.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Оның да тiсi көп өткiр.(Тарақ – Ара)
© Ескен Елубаев