Көбелек туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 4
Жұмбақтар: 9
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 42
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 2

Шөбі шүйгін сай – саланы кезетін,Бұл қай жәндік аяқпен дәм сезетін?(Көбелек)
©  Көмек Ыбрайұлы
Торғай қанатты,Торы түсті.(Көбелек)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қырда ұшып,Қырға қонады.Гүл боп ұшып,Гүлге қонады.(Көбелек)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Үстіндегі көйлегі
Түрлі-түсті не керек,
Қызықтырар көргенді.
Мұның аты.......

Жауабы: Көбелек
Гүлден гүлге қонады, ара емес,
Ақ, сары боп бау-бақшаға сән береді.
Ол не?

Жауабы: Көбелек
Өзі кілем түріндей,
Құдды қырдың гүліндей.
Гүлге қонса кетеді,
Айырмасы білінбей.

Жауабы: Көбелек
Өзi кiлем түрiндей,
Құдды қырдың гүлiндей.
Гүлге қонса кетедi,
Айырмасы бiлiнбей.
Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады.
Бар екен бір мақұлық ұннан майда,
Өз басын айдайды екен қиын жайға,
Ұстасақ үгітіліп жоғалады,
Дамылдап отырмайды ешбір жайға.