Қара туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 20
Жұмбақтар: 7
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 81
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 5
Туындылар: 2
Әңгімелер: 18
Ертегілер: 2
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Бiрiншi түбiр сөз –Түс.Екiншi түбiр сөз –Құс.Екеуiн қосып оқысаң –Ол да құс.(Қара + Торғай = Қараторғай)
©  Ескен Елубаев
Бiрiншi түбiр сөз –Бояу жағатын.Екiншi түбiр сөз –Сүттен жасайтын тағамың.Екеуiн қосып оқысаң –Улы жəндiк шағатын.(Қара +Құрт = Қарақұрт)
©  Ескен Елубаев
Бір қырман ұп-ұзын қып қойдым шауып,
Помощқа елдің көбін қойдым жауып,
Аспанда бұрқырады,топан ұшты,
Алмады жалғыз дәнді адам..
Адамзаттың баласы,
Менсіз кәсіп қылмас та,
Басымды мен көтерсем,
Аспан көкке жетермін.

жауабы
Қара жол
Қарайып ұшқанменен қарға емес,
Ін қазғанменен түлкі емес.
Арқасындағы боқшасы,
Жинағанмен мүлкі емес.

жауабы
Қара қоңыз
«Қ» әрпінен бастасаң,
Көмірге ұқсас түрім бар.
«Қ»-ны сызып тастасаң,
Жасаймын шөп гүлін бал.

жауабы
Қара - Ара
«Қ»-дан егер бастасаң,
Түндей қара бір түспін.
«Ш»-дан егер бастасаң,
Ернеуі кең ыдыспын.

жауабы
Қара - Шара