Метаграммалар туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 9

Түп нұсқа –Дақылдың түрi.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Перзенттiң бiрi.(Сұлы – Ұл)
©  Ескен Елубаев
Түп нұсқа –Сан.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Дəм.(Жетi – Ет)
©  Ескен Елубаев
Түпнұсқа –Қалтаңдағы зат – тiсi көп кiл.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Оның да тiсi көп өткiр.(Тарақ – Ара)
©  Ескен Елубаев
Тұтас оқысаң –Батырларға қару.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Мойнына тағар ару.(Қалқан – Алқа)
©  Ескен Елубаев
Тұтас оқысаң –Асыраған малың.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Мекенжайың.(Түйе – Үй)
©  Ескен Елубаев
Тұтас оқысаң –Төрге iлесiң.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Өзен деп бiлесiң.(Кiлем – Iле)
©  Ескен Елубаев
Тұтас оқысаң –Жасаған қоршау талдан өрiп.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Шаруаға пайдаланатын көлiк.(Шарбақ – Арба)
©  Ескен Елубаев
Тұтас оқысаң –Дiни кiтап – жазылған. Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Астық сақтайтын жер – қазылған.(Құран – Ұра)
©  Ескен Елубаев
Тұтас оқысаң –Қолына ұстар жылқышы.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Ұрлық жасайтын кiсi.(Құрық – Ұры)
©  Ескен Елубаев