Шарада туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 7

Бiрiншi түбiр сөз –Төл деп бiл, мұны.Екiншi түбiр сөз –Ағзаның бiрi.Екеуiн қосып оқысаң –Саңырауқұлақтың түрi.(Қозы + Құйрық = Қозықұйрық)
©  Ескен Елубаев
Бiрiншi түбiр сөз –Түс.Екiншi түбiр сөз –Құс.Екеуiн қосып оқысаң –Ол да құс.(Қара + Торғай = Қараторғай)
©  Ескен Елубаев
Алғашқы түбiр сөз –Бояудың түрi.Екiншi түбiр сөз –Өсiмдiктiң бiрi.Екеуiн қосып оқысаң –Курорт iрi.(Сары + Ағаш – Сарыағаш)
©  Ескен Елубаев
Алғашқы түбiр сөз –Аспаннан тұрған сорғалап.Екiншi түбiр сөзСүт тағамы доңғалақ.Екеуiн қосып оқысаң –Жəндiк жүрген жорғалап.(Жауын + Құрт – Жауынқұрт)
©  Ескен Елубаев
Бiрiншi түбiр сөз –Өссе, қидырып аларың.Екiншi түбiр сөз –Аты көне қаланың.Екеуiн қосып оқысаң –Сəн маманы.(Шаш + Тараз = Шаштараз)
©  Ескен Елубаев
Бiрiншi түбiр сөз –Бояу жағатын.Екiншi түбiр сөз –Сүттен жасайтын тағамың.Екеуiн қосып оқысаң –Улы жəндiк шағатын.(Қара +Құрт = Қарақұрт)
©  Ескен Елубаев
Бiрiншi түбiр сөз –Сан.Екiншi түбiр сөз –Ас үйдiң заты.Екеуiн қосып оқысаң –Құстың аты.(Бiр + Қазан = Бiрқазан)
©  Ескен Елубаев