Өзен туралы Жұмбақтар ✍️

Құрметті оқырман! "Өзен" тақырыбына байланысты Жұмбақтар жинағы — бұл бөлімде "Өзен" ілмегіне қатысты Жұмбақтар топтастырылған. Осы бетте "Өзен" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған Жұмбақтар, қызықты Жұмбақтармен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір Жұмбақтар автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Өзен" тақырыбына байланысты Жұмбақтар іздесеңіз, жаттауға арналған Жұмбақтар оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 16
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 202
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 10
Әңгімелер: 7
Аңыздар: 8

Таң қаласың ғажап көп қой әлемде,Білесің бе ең қысқа өзен қай елде?(АҚШ, Ро өзені, ұзындығы 61 метр)
©  Көмек Ыбрайұлы
Күлің, күлің, күлің ат,
Күліп өтті, көрдің бе?
Көлеңкесін көрсетпей
Жүріп өтті, көрдің бе?

Жауабы: Өзен
Дедектейді, зырлайды,
Артқа мойын бұрмайды.

Жауабы: Өзен
Шыққанда шығыны жоқ,
Жауса жауын бүйірі тоқ,
Қыста жылтыр қақ болар,
Түртінектеп тынымы жоқ.

жауабы
Өзен
Ақ жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ,
Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ.
Тоқтамай қысы-жазы кезе берер,
Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ.
Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуі,
Тасты тесіп, жарыпты.
Көрсең оның ағысын,
Таңғалтар таудың тағысын.
Бұрқап жатқан көк тасқын,
Үстiнен ырғыр жартастың,
Ырық бермес үйiрген
Толқыны асау шүйiлген.
Туған жердiң белбеуi,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуi,
Тасты тесiп, жарыпты.