Тай туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 17
Жұмбақтар: 1
Өлеңдер: 14
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 4
Ертегілер: 1

Тай өссе, ат тынығар,Ұл өссе, əке тынығар.
©  Түркі халықтары
Байға тай мінсе де жарасады  "Байға тай мінсе де жарасады" демекші, тақсыр, сізге қандай түсті киім кисеңіз де, хандығыңызға ұнасып тұрады деп айтар..
 Ақыл – жас ұланнан, Жүйрік – тай-құнаннан.
 

Біздің халқымыз жастарды, балаларды ерте жастан даналыққа, парасаттылыққа..
©  Гүлтас Құрманбай
 Тай өссе – ат тынығады, Ұлы өссе – әке тынығады.

Мақалдың мәнін қалай түсінесіз? Ұлы-қызы қандай болса әке-шеше тынығады?
Сіз..
©  Гүлтас Құрманбай
Ит қуған тай ұстатпас. 
Тай өссе ат тыныс алады,Ұл өссе ата тыныс алады. 
©  Махмұд Қашқари
Бөтен ауылдың аты озғанша,
Өз ауылыңның тайы озсын.
Баланың қылғаны білінбейді,
Тайдың мінгені білінбейді.
Баланы жұмсағаның білінбес,
Тайды мінгенің білінбес.
Алыстағының аты озғанша,
Қораластың тайы озсын.
Тай өссе, ат тынығады,
Бала өссе, ата тынығады.
Ат аяғын тай басар.
Баланың қызығы білінбейді,
Тайдың мінгені білінбейді.
Тай атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.
Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.
Ақыл — жас ұланнан,
Жүйрік — тай құнаннан.
Тай тулап
Үйірінен шықпас.