Егіншілік туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 101
Аңыздар: 1

Егіншілік туралы
Қашып кетсең шашып кет.Қыстық азығыңды жаз жина.Берген алар, еккен орар.Дауыл болмай жауын болмас.Жер тоймай ер тоймайды.Өзен жағалағанның өзегі..
©  Дихан Қамзабекұлы
Қос қадірін жеккен білер,Жер қадірін еккен білер. 
Малшы елдің баласыҚұдық қазып ойнайды.Егінші елдің баласыАрық қазып ойнайды. 
Егін ексең, мол ек,Толтыр қанар-қабыңды.Арық қазсаң, кең қаз,Қандырар бақша, бағыңды. 
Жаз — береген,Күз алаған. 
Көктем — мұрап,Күз — диқан. 
Жерге еткен жақсылықЖерде қалмас. 
Күріш,Күріш суымен ырыс. 
Қара жер қарыз арқаламайды. 
Егінші еселеп,Кеусенші кеселеп алады. 
Диқан бабаның —Кетпенінен.Шопан атаның —Таяғынан. 
Жер сәні — егін,Ер сәні — білім. 
Көктемеде жерге түскен бір дән.Күзді күні мың дән болады. 
Диқан жерін анасындай сүйеді,Жер диқанын баласындай сүйеді. 
Бабын тапсаң — байлық жерде.Береке, салтанат елде. 
Түйір нан —Тамшы тер. 
Орақшы — бір кісі,Комбайн мың кісі. 
Ақылды елден сұра,Дақылды жерден сұра. 
Сусыз жердің шөбі сұйық,Суайт адамның сөзі сұйық. 
Қосты жеге білмегенТұқымды себе білмейді. 
Сортаң жерге шөп шықпас,Шөп шықса да, көп шықпас. 
Шегірткелер егін жер,Екпей-сеппей тегін жер. 
Диқан нанын жейді.Жалқау арын жейді. 
Қысың қарлы болса —Жер семіз.Көктемің жаңбырлы болса —Дән егіз. 
Бағбан жемісті ағашын айтар,Мұрап суының сағасын айтар.Шопан өсірген қойын айтар.Өлеңші өлең айтқан тойын айтар.Ұста соққан тамын айтар.Диқан шығымды..