Бөлім: «Мақал-мәтелдер»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Қонақ келсе, сайласып,Атып тұрып, атын тұт.Жай сұрасаң жайласып,Алдыменен өзін күт.
Қазақ аулы қарайлас.Шеру соңы қарайлас.
Ел айрылса – көбіне,Жол айрылса – кеңінен.
Жұт қырған қара қойын, қарасирақ.Жалаң аяқ, қыл мойын, қарасирақ.
Қазақтың айраны көп,Орыстың мейрамы көп.
Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,Орта жүзді қамшы беріп дауға қой.Кіші жүзді найза беріп жауға қой.
Өзбектің кигенін ал,Қазақтың мінгенін ал.
Түрікмен төрін бермейді.
Қара сөздің мағынасын толықтай білсең өмірдің мәнін білесің.
Абайдай болғың келсе,Тұлғаларыңды біліп ал!
Ай бұлағы Ана.
Жаманның жақсысы болса,Жақсының жаманы болады.
Адамшылық деген ұлы сөзді айта бергеннен көрсете берген жақсырақ.
Асыл сөз — наркескен қылыштай, жасық сөз — өтпес пышақтай.
Жел өтпеске сөз өтеді, жер көтергенді ой көтереді.
Бұланайдан үлкен тау болмас,Бұланнан үлкен аң болмас.
Құдай да құлқынға қарап ауру береді.
Жақсының жауы көп.
Мейірімділіксіз сұлулық есіксіз үйге, Желсіз кемеге, сусыз бұлаққа ұқсайды.
Аузында бал, ал жүрегінде мұз бар.
Суды бұқа сияқты ішіңіз, ал шарапты патша сияқты.
Шарап, темекі және әйелдер жақсылыққа әкелмейді.
Ібіліс те бір кездері періште болған.
Ескі махаббат тот баспайды.
Достық пен шарап, олар қартайғанша, бір тиын да тұрмайды.