Бөлім: «Мақал-мәтелдер»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Қателескеннен қатені түзетпеген жаман.
Жаманның кесепаты бір шақырым ілгері жүреді.
Ұры айдан қорқады.
Көрге кірген тірі шықпас,Үйге кірген құр шықпас.
Табыстың бір ұшы білекте,Бір ұшы жүректе.
Атың жүрдек болса,Қамшы не керек.
Орақ ұстап әкең қалғанша,Оймақ ұстап шешең қалсын.
Кісіде ақыл болмаса,Көз дегенің құр әйнек.
Үйдегі сөз базарға жарамайды.
Алтыныңа сенгенше,ақылыңа сен.
Бетімнің қалыңдығы – жанымның рахаты
Әрекетсіз жоспар -жай ғана қиял ,ал жоспарсыз әрекет -былық. Жапон мақалы
Асау өзен өткелсіз болмас.Бұл мақал бір істің шешімін, түйінін таба алмай, қиналып тұрған адамға «Мұның да түйінін табылып қалар» деп ақыл ретінде..
© Түркі халықтары
Тесік суда білінер.Бұл мақал кейбір істі атқаруда төсін қағатын мақтаншақ адамға арнап айтылады.Өйткені ол атқарған істің жақсы-жаманы артынан..
© Түркі халықтары
Тезек қарда жатпас,Жақсы мен жаман қосылмас.Себебі тезек (жас жапа) өз ыстығымен қарды ерітіп жіберетіні сияқты, жақсы менжаман бір-бірімен ешқашан..
© Түркі халықтары
Пышақ қанша өткір болғанымен, өз сабын жона алмас.Бұл мақал өз ісін орындай алмай тұрып, басқалардың ісі жайында үлкен ой айтатын адамдарға арнап..
© Түркі халықтары
Жүгері басының сирегі жақсы.Себебі сирек болса – дəнді,қалың болса – дəнсіз болады. Бұл мақал күткен мақсатына аз шығынмен жетуге тырысатын еңбекқор..
© Түркі халықтары
Құрғақ қасық ауызға жарамас (жақпас),Құр сөз құлаққа жараспас (жақпас).Бұл мақал, егерде біреуден көмек сұрағың келсе, оған да сый-сияпат дайындауың..
© Түркі халықтары
Жаяудың аты – шарық, күші – азық.Бұл мақал ұзақ сапарға шыққанда осы екі нəрседен жапа шекпеу үшін алдын ала дайындық жасап алудың қажет екенін..
© Түркі халықтары
Балық(тың өзі) суда, көзі сыртта.Бұл мақал бір істі біліп тұрып, білместікке салынған арамза адамдарға арнап айтылады.
© Түркі халықтары
Құдықта су бар, иттің тұмсығы тимес.Армандаған ісіне қолыжетпейтін, яки біреулердің қолындағы ас пен затқа көзі түсіп, құмартса да, өзінің қолына..
© Түркі халықтары
Ол өткелді су əкетті.Бұл мақал болар іс болып қойды. Енді орнына қайтып келмейді. Оған өкінудің қажеті жоқ деген мағынада қолданылады.
© Түркі халықтары