Эсселер ✍️

  26.09.2022
  864


Автор: Ұстаздар күні

Үлгі тұтар ұстазым

Қарап отырсақ мектепте әр оқушының үлгі тұтар ұстазы болады. Сол ұстаздың жүріс-тұрысына қарайды. Сол ұстазды басқалардан ерекше санайды. Сол ұстаздың жүрген ізімен жүргісі келеді. Ертең өскенде сол ұстазым секілді ұстаз боламын деген сияқты көптеген жақсы арманға беріледі. Ол шәкірт үшін үлгі тұтар ұстазындай болу үлкен арман болады. Сол ұстазына еліктеп, сол ұстазы секілді киінгенді ұнатады. Менің не айтпағымды түсініп отырған боларсыздар. Дәл сондай ұстаз менде де бар. Ол дүние жүзі тарих пен Қазақстан тарих пәндерінен сабақ беретін ағай. Өзім ұл болған соң сол ағайдың жүріс-тұрысы, киім кигені бәрі маған ұнайды, өте таза жүреді, әрбір жасаған ісі тиянақты. Тіпті ол беретін сабақ та маған ерекше көрінеді. Маған ұнайды. Үлгі санаған ұстазым беретін сабақтан ылғи үздік баға алатынмын. Соның арқасында дүние жүзі тарих пен Қазақстан тарихын білетін менен асқан оқушы жоқ шығар.
Міне, осы үлгі тұтар ұстазымның арқасында мен өз діттеген арман, мақсатыма жете білдім. Ол ұстазым — Серік ағай болатын. Серік ағай, сізге көп рахмет, алда келе жатқан ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еңбегіңіз жанып, абыройыңыз арта берсін! Саулығыңызды тілеймін! Жасай беріңіз мен үлгі тұтар ғажайып жан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу