Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  119


Автор: Олжас Сәндібек

Күрсінем шарам да қалмай...

Күрсінем шарам да қалмай,
Күлуге жаралмағандай.
Өзіңсіз жалғанның мынау,
Қызығы қараң қалардай.
Өтінем ажырамайық,
Сол нағыз базына байлық.
Өмірде тек өзің ғана,
Салатын сазыма лайық.
Арманды аялап мəңгі,
Қарсы алып талай ақ таңды.
Біз кеше қыдырушы едік,
Аралап саябақтарды.
Есетін таң самал лебі,
Мүмкін бе аңсамау тегі.
Өзіңсіз көңілсіз жүрмін,
Сүйем ғой қалқам-ау сені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу