Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  118


Автор: Темірше Сарыбаев

ЖЫҒЫЛМАСАҢ, ТҰРМАСАҢ...

Жығылмасаң, тұрмасаң,
Жыламасаң, күлмесең,
Дария-дәурен сүрмесең,
Ащы өмірдің ағайын,
Тәтті екенін білмес ең!
Белдеудегі бедеудің,
Құрғаттырмай терлігін.
Қиқу салып кешқұрым,
Құйғытпасаң желді күн,
Ұланғайыр Далаңның,
Ұқпағаның Кеңдігін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу