Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  204


Автор: Ақылбек Манабаев

ШОПАН ҚЫЗҒА

Нұр жүзің келбетіндей көктеменің,
Көзіңнен жарқылдаған от көремін.
Лаулаған тәтті үміттің жетегімен
Оралып ауылыңа көп келемін.
Көз алмай өзің жаққа көп қарадым,
Көрсем деп дидарыңды тоқтамадым.
Жел үрлеп желкілдетсе қызғалдақты,
Сенің қызыл жаулығың деп қаламын.
Оранып махаббаттың от лебіне,
Жүргенім саған әсер етпеді ме.
Жалыннан арашалап жас жанымды,
Басташы махаббаттың көктеміне!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу