Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  68


Автор: Нұршаш Тоқтарқанқызы

Жүректе тұрар жаңғырып

Сағыныш деген жүректі жалын өртеді,
Ұмытпай жүріп ұмыттым дедім мен сені.
Алыстап енді алыстап кетіп барамын,
Осы екен қалқа арымның нағыз өлшемі.
Хабарың келді бірақ та жауап қатпадым,
Атыңды атап қайталай қайта жаттадым.


Сен маған мәңгілік сағыныш боласың,
Бақытын жағып жүресің бірақ басқаның.
Жолымыз солай қосылмас біздің мәңгілік,
Ғашықтық жырын өзгелер айтар ән қылып.
Бәрі де бәрі уақыттың құлы өтеді,
Сағыныш үні жүректе тұрар жаңғырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу