Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  193


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Қимаймын

Әні мен өлеңі Кәрім Жұмағалиевтікі
Даналық, ақыл, ғибрат алған,
Бабалар сөзін сыйлаймын,
Балалық шағым мәңгілік қалған,
Атамекенді кимаймын.
Елімнің салтын бүгінге жеткен,
Қастерлеп, күтіп жинаймын,
Сағымдай болып өтіп бір кеткен,
Жастық шағымды қимаймын.
Ұядан ұшқан ұрпағым үшін,
Мейірімімді тыймаймын.
Аталық ыстық жүрекпен құшқан,
Немерелерді қимаймын.
Адалдық, ақыл, асылдың бәрін,
Құлаққа ұғып құйғанмын.
Сұлудың әрін, адалдың арын,
Жақсының жанын қимаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу