Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  257


Автор: Кәрім Жұмағалиев

ҚАРТТАРЫМ МЕНІҢ ҚАРТТАРЫМ

Қарттарым менің қарттарым,
Өмірде тыным таппадың,
Еңбекке елді көтеріп,
Білмей де қалдың кей кезде,
Таңның да қалай атқанын,
Күннің де қалай батқанын,
Қарттарым менің қарттарым.
Қарттарым менің қарттарым,
Азап болды тартқаның
Нақақтан жала жабылып,
«Халық жауы боп табылып»,
«Ит жеккенге» сотталдың,
Сонда да Сен қорықпадың,
Қарттарым менің қарттарым.
Қарттарым менің қарттарым,
Асыл боп туған заттарың
Колхоз бен совхоз құрам деп,
Социализм ұран деп,
Бейнет болды тартқаның,
Шаршадым деп айтпадың
Қарттарым менің қарттарым.
Қарттарым менің қарттарым,
Жауға да шаптың қайтпадың,
Қасықтай қаның қалғанша,
Өзегің ашып талғанша,
Беліңді шешіп жатпадың,
Еліңді жаудан сақтадың,
Қарттарым менің қарттарым.
Қарттарым менің қарттарым,
Ұстазы болып жастардың,
Оларға бердің білімді,
Көр деп өзің күніңді,
Ақыл болды айтқаның,
Азамат етіп баптадың,
Қарттарым менің қарттарым.
Қарттарым менің қарттарым,
Ел сенімін ақтадың,
Қамын ойлап жан-жақтың,
Егінді жинап, мал бақтың,
Жерді ешкімге сатпадың,
Сатам деп сірә айтпадың,
Қарттарым менің қарттарым.
Қарттарым менің қарттарым,
Асықпадың, саспадың,
Бейнетті белден кешіуші ең,
Ақылмен істі шешуші ең,
Өзіңнің емес басқаның,
Қамын ойлап жақтадың,
Қарттарым менің қарттарым.
Қарттарым менің қарттарым,
Тарихқа жазып аттарын,
Партияны басқарып,
Дүйім жұмыс атқарып,
Зейнетке шығып бүгінде,
Оның да дәмін татқаның,
Демалып мынау жатқаның,
Қарттарым менің қарттарым.
Қарттардым менің қарттарым,
Әділдікті жақтадың,
Тиыштығын елдің күзетіп,
Тентектерді түзетіп,
Дұрыс жолға бастадың,
Қиындықтан қашпадың,
Қарттардың күні сіздерге,
Өлеңмен тарту тартқаным,
Сөзімнің түсін астарын,
Аман бол асыл қарттарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу