Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
277
Қалжың
Жасың үлкен сондықтан «әпеке» деп жүруші ем,
Бауырым деп өзің де қарайласып тұрушы ең.
Нәзіктене қалыпсың, именесің не себеп,
Болғың келіп тұр ма әлде меніменен бүгін тең.
Албырт сазім «әпеке-ау» сені қалай торлаған,
Қинайтұғын жүректі құштарлық та оңбаған.
Діріл кіріп сөзіңе, төмен қарай бересің,
Бауырлықтан үлкей деп тұрғандайсың сен маған.
Мына өмір қызық ә? Әрі шаттық, әрі мұң,
Арғымақ ой тұрма әлде тоқтата алмай арынын.
Сен әпеке, мен бауыр емес пе едік біз кеше,
Сайтан сезімге үрлетпе жүрегіңнің жалынын...
Қаңтар 2000ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇