Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
248
ЖҮРЕК СЫРЫ
Сыр беріп тұр ма жүрегің,
Сырқаттың сырын білемін.
Сезімнің сұлу пернесін
Табайын қағып бір емін
Жүректің мынау кеселі -
Өмірдің жүгі еселі.
Өткен бір күндер кешегі
Жүректе қалар деседі.
Өткізер талай сынақтан,
Қуантып, бірде жылатқан.
Жүректің болар жұмбағы
Тұратын мың бір сұрақтан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter