Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
06.09.2022
235
Бай отбасында няня болып істегенім: шын өмірдегі байлық қандай болады?
Өте бай отбасында няня боп істедім.3 жасар қыздарын қарадым,2 күн мен,екі күн басқа қыз. Нағыз байлар осындай екен ғой деп таңғалдым. Хозяйка әртүрлі шараларға барады,кейде үйге қонақ шақырады. Прада,Гуччи,Шанель сияқты пакеттермен келеді. Олар 5-6 ай бойы ашылмай тұрады. Бір күні бірнеше күн қонып істедім,сол кезде за благодарность Шанель сумканы сыйлай салған,жап-жаңа .
Қызымды мектеп жасына жеткізіп бердім қарап,сомен олар шетелге көшіп кетті.
2 поварлары,бір дворник,екі водительі,2 няня,2 домработницасы болды. То есть мен бала қараудан басқа іспен айналыспайтынмын. Бірақ күнделікті прогулкаға шығу міндетім еді. Күніне 4 сағат,түске дейін және кешке. Жүзуге апаратынмын. Биге,ағылшынға. Барлығына водительмен барып-келеміз. Бір қызға бәріміз қызмет етіп жүрміз. Повар тамақ жасап қояды біз келгенде. Ол еще жәй тамақтар емес,пп,белок,колории өлшенген.
Хозяин кәсіпкер,бірақ үйде трикомен жүріп,кейде ағаштарға су құйып жүретін,роза гүлдердің тікендерін теріп. Бір қарапайым жақсы адам. Хозяйка мінезді адам,бірақ ешқашан ұрсып,жекіп сөйлемейді. Жұмысым біткен соң,үйіме дейін жеткізіп салатын қыста. Құрбан айтта қой сойып,бізге береді үйлеріңе апарыңдар деп. Мааа бір жақсы адамдар еді. Инстаграмнан қарап отырам,бірақ байлықтарын салмайды. Тек бірнеше фотосы бар болды. Бай екен деп те айтпайды сыртынан көргендер
Бір киімі бәріміздің айлығымызға тең. Бірақ кейде симай қалғандарын бөліп беретін, еще сұрайтын ғой “ыңғайсыз емес па киілген киімдерімді берсем”деп. Ойбай жоқ деп,бір кроссовкиін бірнеше жыл киіп шықтым. Пакет пакет ойыншықтарын бере салатын балаларыныз ойнасын деп. Бір күні жаңа төсек алып,бұрынғы төсегін водительіне бере салды. Мәәәә дедік қой. Біз болсақ олх сатып тастар едік қой
2-3 айда шетелге демалысқа кетіп қалады. Сонда да айлығымды толық беретін. Енді жақында тағы бір жерге няня болмақшы ем. Айлық 300000. Екі бала. Оның ішіне бәрі кіред, и 3 уақыт тамақ и үй таза болу керек, и прогулка и дамыту ойындарын жасау керекпін . И киім жуып үтіктеу. Үлгермеймін ғой, өзіңіз 2 баламен бір тамақ жасай алмайсыз ғой десем
Онда кете бер дейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇