Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  70


Автор: Ербол Бейілхан

БІР ТҮН

Ақ қанат арманға мініп,
Айқайлап айға тіл қаттым.
Өлеңді өмірдей сүйіп,
Күлімкөз жұлдызға тыңдаттым.
Ақ мамық бұлтқа жастанып,
Ақ торғын сезімдер жатыр.
Бір сұлу, жанары жастанып,
Ұзақ түн көз ілмей жатыр.
Қиялдар қырға шығып ап,
Қырмызы гүлге сыр айтты.
Түн ғашық тілекті құп алып,
Жағалап барады бұлақты.
Тобылғы желге тербеліп,
Таңшолпан жерге телмірді.
Батырдай ұйқыдан оянған
Шыңдардың сілемі көрінді.
Көкжиек көз ұшындағы -
Шымылдық айқара ашылды.
Ал үкі ұйқыға құшынып ,
Байғыздың даусы басылды.
Шығыстан күн қызарады,
Ай ғашық ұялып қашқан.
Адамдар өз сиын алады,
Әр таңнан нұрланып атқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу