Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  151


Автор: Хамит АЙДАРҰЛЫ

Есіңе мүлде алмайсың мүмкін мені...

Есіңе мүлде алмайсың мүмкін мені,
Іздеп те келмейсің-ау, бір күндері.
Қарашыққа қайтейін шық торлатты,
Таныс маңның құлазып күрсінгені.
Күйік боп басқа ошаққа от жаққаның,
Сыртында тұрдым талай көк қақпаның.
Табыспасақ тағдырдың жазбағаны,
Ең болмаса соңғы рет қоштаспадың.
Таныс маңда сан мәрте сыр ақтарып...
Түсініксіз, неліктен жырақтадық!
Ойлашы, кім жауапты обалына,
Жауапсыз қала берген сұрақтардың?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу