Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2022
154
Жанарыммен сипадым
Беймазалық реңiмде,
Бiлдiң бе, ол – сағыныш.
Соғып тұрсың жүрегiмде,
Бейнең бейне – сағым түс.
Бойды шарпып жалының,
Мұз-көңiлдi ерiткен.
Бiлгiр терең танымың,
Жан-сарайды кеңiткен.
Қарай берiп ұрлана,
Жанарыммен сипадым.
Кетiпсiң ғой нұрланып,
Изен сынды шипалым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter