18.08.2022
  122


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

СОҚЫР ТЕКЕ

Бұл ойында ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Жиналған ойыншылар жүрелерінен дөңгелене отырады да, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша орын- дарынан атып-атып тұрулары керек. Сол кезде ең соңынан тұрған ойыншының көзін байлап, ортаға шығарады. Ал қалған ойын- шылар әлгінде өздері отырған шеңберден тысқары шығып кетпеуі тиіс. Көзі орамал- мен байланған «соқыр теке» осы шеңбер ішінде жүріп ойыншылардың кез келген бі- реуін ұстап алуға тырысады. Егер «соқыр теке» біреуді ұстап алса, оның кім екенін айту керек. Дұрыс тапса, ұсталған ойыншы


«соқыр текенің» рөлін ойнайды.


Бұл ойынның екінші түрінде, жиналған ойыншылар қол ұстасып шеңбердің бойына дөңгелене тұра қалады да, «соқыр текенің» көзін байлағаннан кейін орындарын, я болмаса үстеріндегі киімдерін ауысты- рып алады. Көзі байланған «соқыр текені» ойын жүргізуші айналдырып-айналдырып ойыншылардың біреуіне қарай қоя береді. Ойыншыға жеткен бетте үсті-басын сипа- лап қарап шыққан «соқыр теке» оның кім екенін табуы тиіс. Егер дұрыс таба алмаса, онда ортада тұрып, көптің ұйғаруымен өз өнерін көрсетеді. Ал кім екенін біліп қойған жағдайда, екеуі орын алмасады.


«Соқыр текенің» және бір түрі былай ой


налады. Ойнаушылар қол ұстасып шеңбер бойына тұрғаннан кейін ортаға «соқыр теке» мен тағы бір ойыншы шығады. Мұнда «соқыр текенің» мақсаты – өзінің қасында жүрген жалғыз ойыншыны ұстап алу. Ол ойыншыға «соқыр теке» қуалаған кезде шеңберден шығып кетуге болмайды. Ол


«соқыр текені» әлсін-әлсін түртіп қалып, қашып жүргенде, ойнаушылар «соқыр текеге» оның қайда тұрғанын, мысалы,


«артыңда тұр», «жаныңда тұр», «алдыңа шықты» деп айтуына болады. Түртушіні


«соқыр теке» ұстап алғаннан кейін, ол


«соқыр текенің» рөлін ойнайды да «соқыр теке» көңіліне жаққан бір ойыншыны түртушінің орнына шығарады. Ойын осы тәртіппен қайталана береді.


Егер «соқыр теке» түртушісін ұстай алмай шаршап қалса, онда көпшіліктің ұйғаруымен өз еркімен тілек білдіруші кез келген ойыншылардың бірімен ауыстыруға болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу