Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.08.2022
210
Қоңыр күзде қоңыр жігіт кездесті...
Қоңыр күзде қоңыр жігіт кездесті,
Көңіл бөлдім жүрекжарды сөзге есті.
«Жараланған жаныңызға жалау боп,
Сізді мендей түсінбейді өзге ешкім.
Сізді мендей кіршіксіз деп ақ қардан,
Аяламас, қорғап көзден, оттардан.
Ұзақ жылдар жаныңызға бара алмай,
Сізді ойлаумен жүрегімде жатты арман.
Сізге мендей сезімдерді шайқаған,
Өлең арнап, гүл көктемді қайтадан.
Оралта алмас, оралта алмас ешкім де
Оны жүрек дүрсілімнен байқағам.
Кеш болса да,
иіп үлкен басымды,
Келіп тұрмын!», – деді, сыры ашылды.
Тыңдадым да, сенбей ұз-а-а-қ қарадым,
Күллі қазақ құрметтеген асылды.
Жалғыз жортқан жолбарыстай жаралы,
Ыңыранып, жаны өртене қарады.
Ешбір жауап бере алмадым, сияқты
Жыр дәптердің жазылмаған парағы....
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇